14 qarasha kúni, Qazaqstan Respýblıkasy Mádenıet jáne sport mınıstrliginiń uıymdastyrýymen, 11.00-11.30 ýaqyt aralyǵynda respýblıka boıynsha «JALPYHALYQTYQ DIKTANT» jazyldy. Negizgi maqsaty – latyn negizdi qazaq álipbıin nasıhattap, praktıka júzinde meńgerýge daǵdylandyrý. Dıktant ár óńirde arnaıy belgilengen oryndarda, emle.kz, tilalemi.kz saıttary arqyly jáne «Shalqar», «Qazaq» radıolarynan tikeleı efırde tyńdalynyp, jazyldy. Mundaı is-shara bizdiń aýdan kóleminde de sınhrondy túrde júzege asyryldy. Ony júıeli túrde uıymdastyrýdy qolǵa alǵan aýdan ákimdigi, aýdandyq mádenıet jáne tilderdi damytý bólimi, sondaı-aq, «Almaty oblystyq «Til» oqý-ádistemelik ortalyǵy» mekemesiniń aýdandyq fılıaly boldy. Latyn qarpin tańbalaý boıynsha bilimderin synaýǵa aýdanymyzdan 16215 turǵyn belsendilikterin tanytty. Onyń ishinde 15 jastan asqan oqýshylardan bastap, memlekettik jáne búdjet salasyndaǵy qyzmetkerler men stýdentter boldy.
Bir ýaqytta bastalǵan ashyq dıktanttyń taqyryby «Rýhanı jańǵyrý» dep ataldy. Munda latyn álipbıine qatysty emle erejeleri men eskertýler eskerildi. Osylaısha jańa álipbı reformasyn qoldaýshy aýdan turǵyndary bolashaqqa nyq qadam basyp, latyn grafıkasyn bir kisideı qoldaýǵa atsalysty. Jalpyhalyqtyq dıktanttyń qorytyndysy boıynsha synaq tapsyrýshylardyń 3534-i óte jaqsy dep baǵalansa, 6241-i ortasha jaqsy kórsetkishti kórsetti, al, qalǵan 6440 turǵyn qanaǵattanarlyq baǵaǵa laıyq boldy.
Dıdar MÝHAMADIEV.
14 қараша күні, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, 11.00-11.30 уақыт аралығында республика бойынша «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» жазылды. Негізгі мақсаты – латын негізді қазақ әліпбиін насихаттап, практика жүзінде меңгеруге дағдыландыру. Диктант әр өңірде арнайы белгіленген орындарда, emle.kz, tilalemi.kz сайттары арқылы және «Шалқар», «Қазақ» радиоларынан тікелей эфирде тыңдалынып, жазылды. Мұндай іс-шара біздің аудан көлемінде де синхронды түрде жүзеге асырылды. Оны жүйелі түрде ұйымдастыруды қолға алған аудан әкімдігі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, сондай-ақ, «Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» мекемесінің аудандық филиалы болды. Латын қарпін таңбалау бойынша білімдерін сынауға ауданымыздан 16 215 тұр-ғын белсенділіктерін танытты. Оның ішінде 15 жастан асқан оқушылардан бастап, мемлекеттік және бюджет саласындағы қызметкерлер мен студенттер болды.
Бір уақытта басталған ашық диктанттың тақырыбы «Рухани жаңғыру» деп аталды. Мұнда латын әліпбиіне қатысты емле ережелері мен ескертулер ескерілді. Осылайша жаңа әліпби реформасын қолдаушы аудан тұрғындары болашаққа нық қадам басып, латын графикасын бір кісідей қолдауға атсалысты. Жалпыхалықтық диктанттың қорытындысы бойынша сынақ тапсырушылардың 3534-і өте жақсы деп бағаланса, 6241-і орташа жақсы көрсеткішті көрсетті, ал, қалған 6440 тұрғын қанағаттанарлық бағаға лайық болды.
Дидар МУХАМАДИЕВ.