«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акция аясында Іргелі ауылдық округіне қарасты елді мекендерде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Кезең-кезең бойынша бірлесе атқарылған жұмыс барысында тротуарлар мен жол жиектері тазартылды. Одан бөлек белсенді тұрғындар жол бойындағы ағаштарды бұтап, аумақтарды абаттандырды.
Туған өлкенің тазалығы мен көркеюі – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Өзіміз тұратын жерді бірге аялап, таза әрі жайлы орта қалыптастыруға үлес қосайық!
«Таза өлке – өзімізден басталады!»

