Адам баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі кітап болса, екіншісі ән. Осы орайда, «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымы «100 ән, 100 кітап» жобасының негізінде «25 ән, 25 кітап» жобасы аясында интернет-байқау ұйымдастырды. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу, жобаны тұрақтандыру, ұлттық құндылықтарды қастерлеп, ән айтуды, кітап оқуды насихаттау.
Қаскелең қаласындағы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының ұжымы аталған интернет-байқауға қатысып, «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында буктрейлер түсірді. Оған барлық сыныптар толық қамтылды. Атап айтқанда, Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романындағы Бауыржан бейнесі, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» романындағы Қожа бейнесі сомдалды. Сондай-ақ, мектеп-гимназия директоры Т.Сайбырованың «Абай қара сөздерінің тағылымдық сипаты» атты эссесі мен тәлім алушы Ш.Қордабаеваның «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесі» атты эсселері жіберілді.
Нәтижесінде, жобаны басшылық ететін мектебіне енгізіп, өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтар негізінде тәлім-тәрбие беруде көшбасшылық танытқаны үшін Тұрсын Әділбекқызы Гран-при жүлдесін жеңіп алды.
Осындай қарқынмен басталған жұмыстар алда да жалғасын таппақ.
К. КӨПБАЕВА.