Бүгін аудандық ақпараттық топ мүшелері Алтын ауыл орта мектебінің атана-аналар комитетімен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, «Дербес білім беру ваучерлерін енгізу» бағыты бойынша пікір алмасты.
Олар Жолдауды түсіндіру бойынша баяндама жасап, бұл Жолдаудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге арналғанын атап өтті. Оның ішіндегі «Жеңілдікпен несиелеу жастар арасында бизнесті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады» бағыты бойынша да толыққанды ақпарат берді