Бүгін «Аяжан» медициналық колледжінің студенттерімен аудандық мәслихат депутаттары Қаныбек Айтжанов, Сұлтанғазы Қилыбаев, Бекжан Сүнбеков, Айжан Балажанова және аудандық штаб мүшесі Қуаныш Ахметжановпен бірге Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының «Қоғамдық қауіпсіздік – ел дамуының негізгі факторы» бағыты бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Жиын барысында студенттерге Жолдау барысында аталған бағыттар, оның ішінде жастарға пайдасы мол ақпараттар айтылды. Сонымен қатар спикерлердің тарапынан алдағы Президент сайлауының маңызы зор екені түсінідіріліп, ел болашағы үшін оның маңызы зор екені түсіндірілді.