Қазіргі қиын кезең оны бастан кешіп жатқан халыққа, әсіресе, әлеуметтік жағдайы төмен жандарға ауыр соғып отырғаны рас. Алайда, соған қарамастан ешқашан мойымауымыз керек!
Жуырда Бірінші Май ауылдық округінде, «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық!», «Бақытты отбасы» жобалары аясында, «Біз біргеміз!» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Оның аясында округ еріктілері кәсіпкерлердің демеушілігімен жалғыз басты қарттарға, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі, көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін, санитарлық-гигиеналық заттар, сондай-ақ, ауыл еріктілерінің өз қолдарымен тіккен бетперделерді табыс етті. Округ әкімі Е.Мұқатаевтың бастамасымен олар тұрғындардың мекенжайларына жеткізілді. Сондай-ақ, коронавирус індетінің алдын алу мақсатында брошюралар таратылып, сақтану шаралары түсіндірілді.
Ақерке ЧУЛЕНБАЕВА,
Бірінші Май ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы.