Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімі қазақ халқы үшін күтпеген жағдай болғаны белгілі. Тәуелсіздік жолында аянбай еңбек еткен кемеңгер тұлғаның кешегі мәлімдемесі расымен де, тарихи күн болып қала бермек.
Егемен еліміздің сан жылдар бойы жеткен жемісті жетістігі, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы, халықтың әл-ауқатының тұрақталуы сияқты маңыздың бастамалардың барлығы Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында іске асты десем артық айтқаным емес. Әсіресе, Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданып, маңызды істердің жүзеге асуы, Отанымызға қандастардың оралуымен қатар халық санының 18 млн-ға жетуі, экономикамыздың дамуы жайлы айтқанда, Тұңғыш Президенттің жасаған жақсылықтары еріксіз ойға оралады.
Тәуелсіз Қазақстанның бой түзеуіне себепкер болған Нұрсұлтан Әбішұлының мемлекеттік бағдарламалары келешекте одан әрі жанданып, жүзеге асып, еліміз одан әрі өркендей түсетініне сенімім мол. Ұлт Көшбасшысына айналған, елі сүйген Елбасына күш-қуат, ұзақ ғұмыр тілеймін!
Баршамызға белгілі болғандай, ҚР Президенті міндетін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеше Қазақстан халқына ант беру рәсімі өткен еді. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлының уақытша Мемлекет басшысы да болғаны көңілімізге үлкен сенім ұялатты.
Ақылия БЕКБАЙҚЫЗЫ,
аудандық әжелер алқасының төрайымы.