«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясына белсенділіп танытып, әрдайым ауылдың тазалығын қадағалайтын елді мекендердің қатарында Іргелі ауылдық округі бар.
Ауыл халқы Президенттің экологиялық бастамасына қолдау білдіріп, әр сенбіліктен қалыс қалған емес. Сондай тазалық жұмыстарының бірі жақында «Таза бейсенбі» экошарасы аясында атқарды.
Шара барысында ауыл белсенділерінің қатысуымен санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қоғамдық орындар, көшелер мен аулалар тазартылып, қоршаған ортаның тазалығы мен көркеюіне бағытталған жұмыстар атқарылды.
Жергілікті халық мұндай игі шараға әрдайым қолдау болатынын айтып, алдағы уақытта тағы сенбілік жұмыстары ұйымдастырылатынын жеткізді.

