Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында өткен сайлау қорытындысы бойынша осы аптаның сейсенбісі күнінен бастап Іргелі мен Райымбек ауылдық округтерінің әкімдері жаңа қызметтеріне кірісті.
«ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 30-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қарасай ауданы әкімінің арнайы өкімдерімен сайлауда ең көп дауыс жинаған Арман Қамалбек Іргелі ауылдық округінің әкімі, ал Жандос Базарбаев Райымбек ауылдық округі әкімі болып жаңа лауазымға тағайындалды.
Жаңа округ басшыларын осы аптада аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров жергілікті тұрғындарға және әкімдіктің ұжымына таныстырып, алдағы істеріне сәттілік тіледі.
Ел сенімінен шығып, жауапты лауазымға тағайындалған әкімдер – осы уақытқа дейін мемлекеттік қызметте істеген азаматтар. Тәжірибелері жетерлік деуге де болады.
Іргелі ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалған Арман Даниярұлы – Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының тумасы. 1988 жылы дүниеге келген. 2009 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ін «қаржы» мамандығы, 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «қаржы және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтаған. 2012 жылы Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2009 жылдың наурызында «Темір стройсервис ЛТД» ЖШС-нің экономисі болып бастаған. 2010-2011 жылдары аталған компанияның заңгері, кадр қызметкері болған. Сонымен қатар, 2012 жылы – Іле аудандық тұрғын үй инспекциясының жетекші маманы, 2012-2013 жылдары – КазЦИК ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы, 2013-2015 жылдары – Іле аудандық тұрғын үй шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы, 2015-2018 жылдары – Іле аудандық тұрғын уй шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2018 жылы Іле ауданы әкімінің көмекшісі болған. 2021 жылы Еңбекшіқазақ аудандық қаржы бөлімінде бюджеттің атқарылуы секторы жетекші маманының міндетін атқарса, 2021 жылдың қыркүйек-қазан аталған бөлімде жетекші маман лауазымында еңбек етті. Арман Қамалбек сондай-ақ бүгінгі күнге дейін Қарасай ауданының мәслихат депутаты болды.
Ал Райымбек ауылдық округінің әкімі Жандос Базарбаев 1976 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Тарғап ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет құрылыс академиясын «құрылыстағы экономика және басқару» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1998 жылдың тамызында салық инспекторы болып бастаған. Одан кейін келесі қызметте істеген: 1999-2005 жылдары – бас салық инспекторы, 2005-2008 жылдары – Жамбыл аудандық қаржы бөлімі басшысының орынбасары, 2008-2009 жылдары – Жамбыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары, 2009-2010 жылдары – Жамбыл ауданы бойынша салық басқармасы басшысының орынбасары, Жамбыл ауданының қаржы бөлімінің бастығы, 2010 жылдың қаңтар-қазан айларыында – ҚР Президентінің Іс басқармасының жоспарлау, бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру бөлімінің бас эксперті, 2010-2012 жылдары – ҚР Президентінің Іс басқармасына қарасты «Автошарушылық» РМК директорының экономика жөніндегі директор орынбасары, 2012-2013 жылдары – Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша салық басқармасының заңды тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бас маман-салық инспекторы, 2013 жылдың қыркүйек-қазан айларында – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің бас бухгалтерінің орынбасары, 2013-2016 жылдары – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті директорының орынбасары, 2016-2017 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің салық есебі және есептілік бөлімінің басшысы.
Жандос Оразбекұлы 2017 жылдың маусымынан 2018 жылдың қазаны аралығында Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округі әкімінің орынбасары болды. Одан кейін 2019 жылдың тамызына дейін Қарасай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы болса, 2022 жылдың маусымына дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің экономика және қаржы департаментінің сектор меңгерушісі қызметінде істеді. Ал 2023 жылдың ақпан-қазан айларында Қарасай ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымында еңбек етті. Бұл қызметтен соң бүгінгі күнге дейін Қарасай ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
Өз тілшіміз.