Елордамыз Астана қаласының атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгерту шешімін біздің ұжым дұрыс деп санайды. Өйткені, еліміз Кеңес одағынан шығып, тәуелсіздік алған жылдары көптеген қиындықтар көріп, тоқырап тұрған еді. Бірақ, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында аз уақыттың ішінде дамыған елдердің ішіне қосылып, тілі мен діні, өз шекарасы мен Астанасы бар дамыған елдердің қатарынан табылды.
Ал, Нұрсұлтан Әбішұлының дамуы мен көркеюіне өзінің үлкен үлесін қосқан әсем қаламыз Астана қазіргі таңда қазақстандық бренд болып саналады. Бұның бәрі Тұңғыш Президентіміздің арқасында. Осы ретте елордамыз Астананың атын «Нұр-Сұлтан» деп ауыстыруды мен толықтай қолдаймын. Бұл біздің еліміздің тұрақтылық пен дамуға жол ашқан Н.Ә.Назарбаевқа айтқан алғысымыз бен көрсеткен құрметіміз деп білеміз. Ол кісі мұндай құрметке лайық деп санаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Наурыз мерекесі тек жақсылық әкелсін!
Жеңіс БЕКТАСОВ,
«Ж Каскелен» ЖШС-ның директоры.