Ауыл шаруашылығын дамытып, жастарды жұмыспен қамту мақсатында облыс әкімі Амандық Баталовтың шығарған шешіміне сәйкес, сондай-ақ, «Жұмыспен қамту Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында, аудан басшысы Жандарбек Далабаевтың қолдауымен аудандық Жастар ресурстық орталығы мен «Қазақ жеміс және көкөніс ғылыми-зерттеу институты» Қайнар аймақтық филиалы арасында келісімшарт жасалды. Осы келісімшарт арқылы сәуір айынан бастап еліміздегі қазіргі жағдайға байланысты …
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында бірқатар өзгерістер енгізуді тапсырған болатын. Оның негізгі мақсаты – жұмыссыз жүрген немесе карантин уақытына байланысты жұмыссыз қалған азаматтарды жұмыспен қамту. Ауданымыз бойынша бүгінгі таңда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 62 нысан бекітіліп, оның 61-і тендерлік конкурстың жеңімпазы …


