Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында бірқатар өзгерістер енгізуді тапсырған болатын. Оның негізгі мақсаты – жұмыссыз жүрген немесе карантин уақытына байланысты жұмыссыз қалған азаматтарды жұмыспен қамту. Ауданымыз бойынша бүгінгі таңда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 62 нысан бекітіліп, оның 61-і тендерлік конкурстың жеңімпазы …