Мақал-айтыстан осыны тағы анық аңғардық Мән-мағынаға толы қазақтың нақыл сөздерімен өскелең ұрпақтың санасын сусындатып, ұлтжанды, отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін ұлт мәдениетін жаңғыртатын байқаулардың болуы керек-ақ. Осы ретте ауданымызда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Мақал – сөздің мәйегі» атты байқауды ерекше айтуға болады. Жылына бір рет аудан көлемінде болатын аталмыш сөз жарысы оқушылар арасында өткен айдың ортасында жоғары …
Латын әліпбиіне көшу туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кіруге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Иә, бір кезде біз мұндай қадамдарды жасағанбыз. Мәселен, …
Өткен аптаның сәрсенбісінде, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Тарихи-мәдени мұра» жобасы аясында, айтулы іс-шара ұйымдастырылды. Аудан орталығы – Қаскелең қаласының мектептерінен жетім және жартылай жетім оқушылар мен көпбалалы отбасынан шыққан балаларды көршілес Жамбыл ауданынында орналасқан Жамбыл атындағы әдеби-мемориалды музейге апарып, рухани саяхат жасап қайттық. Шараның негізгі мақсаты – балаларды Жамбыл Жабаевтың …
«Алакөл әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс аясында түрлі сала бойынша жобаларды жүзеге асырып келеді. Осы уақытқа дейін жеті ауқымды шараны ұйымдастырған қоғамдық бірлестік осы аптада саяси бағытта ауданымызда саясаттанушы, қоғам қайраткері Айдос Сарыммен көшпелі лекторий ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты – тұрғындар арасындағы мақсатты топтар үшін ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Қазақсан халқына арнаған …
Жуырда Мерей ауылындағы Ұмтыл мәдениет үйінде, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, әрі қазақ халқының мақтанышы, атақты Балуан Шолақтың туғанына 155 жыл толуына арналып, еркін күрестен оқушылар арасында ашық турнир өткізілді. Балардың бұл спорттық бәсекесін, аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің қолдауымен, мәдениет үйінің директоры Қолқанат Ізмаханов пен әдіскері Мақпал Жаркетерова ұйымдастырған еді. Жарыстың ашылу салтанатына №2 балалар …
Биыл жыр сүлейлері Сүйінбай мен Жамбылдың ізін жалғап, өлеңнің қара жорғасы атанған халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтің туғанына 130 жыл және ақынның тікелей ұрпағы, ақын, суретші, үздік өлкетанушы атанған Әуелбек Ысқақов 60 жасқа толып отыр. Осыған орай, жақында аудандық тарихи-өлкетану музейінде Әуелбек ағаның қаламынан тамған картиналардан жинақталған «Қос өнер – қос қанатым» атты сурет көрмесінің ашылуы …
Көктемнің алғашқы күні ауданда тағы бір тамаша мәдени шараның ашылу салтанаты өтті. Ашылғанына бес жыл толып отырған «Анаға құрмет» музейі, ауданның 90 жылдық мерейтойына орай, «Ұлы дала мұрасы» атты бес күнге созылатын көрме ұйымдастырыпты. Оның алғашқы күні қазақ қолөнерін дүниежүзіне танытып жүрген, атақты этно-дизайнер Ырза Тұрсынзада арнайы келіп, көрме аяқталғанша өзінің тамаша өнерінің қыр-сырымен бөлісіп, …
Жуырда Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп-гимназия кітапханасында, аталған мектептің кітапхана меңгерушісі Г. Сукенова және Г. Әлімқұлов атындағы орта мектептің кітапхана меңгерушісі Г.Бұршақбектің ұйымдастыруларымен, «Кітапхана жұмысын тиімді ұйымдастыру: жаңаша көзқарас, кітапхана іс-тәжірибесімен бөлісу» атты тақырыпта аудандық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: жас мамандармен кітапханалық іс-тәжірибемен бөлісу. Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, ақпараттық сауаттылық, оқу мәдениетін насихаттау, қазіргі заманғы …
Қазақтың арғы-бергі тарихында бейбіт заманнан гөрі жаугершілік, шапқыншылық кезеңдер көп болған сияқты. Соның бір дәлелі – қазақ хандарының бірде-бірі өздері мұсылман бола тұра, бес парызды орындау қажеттігін біле тұра, қажылыққа бара алмаған екен. Оның жалғыз ғана себебі, ел іші тыныш болмаған. Ол кезде қазіргідей «Боингпен» ұшып барып, төрт күнде қажылықтың барлық рәсімдерін атқарып келетін мүмкіндік …
Ұлттық идея (немесе Қазақстан жағдайындағы жалпыұлттық ауқымдағы идеялар кешені) мемлекеттің қалыптасуы, ұлттық өзіндік сананың дамуы және ұлттық бірегейліктің орнығуы барысында бекиді. Ұлттық идея дүниетанымдық бағдардағы құндылықтар жүйесіне негізделеді. Саяси үдерісте ұлттық идея халықтың интеграциясы мен идентификациясы функциясын, оның тарихи өмір сүруінің мұратын анықтау, биліктің заңдылығы, насихаттаушы және топтастырушы қызметтерді орындайды. Осыны негізге алған аудандық «Атамекен» …