Өткен аптада ауданымызда бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына теріс ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризмнің қаупін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекеттің билігін күйретуге әсер ететін бүгінгі таңдағы қауіпті жаһандық мәселе – терроризм. Қазіргі уақытта терроризм мен эктремизмнің таралу қаупі еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қатерге айналып отыр. …
Дін мен оған қатысты кейбір түсініктер көпшіліктің ойында түрлі пайыммен сақталуына бірден-бір себеп, ол – діни білімнің аздығы. Жүгенсіз кеткен интернеттегі алуан ақпараттардың өзі де талай жанды адасушылыққа әкеліп соқтыруда. Соның салдарынан біраз азаматтар ислам дініне дұшпандық танытып, түрлі ағымның жетегіне еріп, шекара асуға дейін барып жатыр. Міне, осындай кереғар ұғымдар қалыптаспауы үшін ауданымызда түрлі …
Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының (ҚМДБ) бастамасымен еліміз бойынша Мәуліт айы өз деңгейінде аталып, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өнегеге толы өмір жолдары барынша дәріптеліп келеді. Жыл сайын өткізілетін Мәуліт мерекесі өткен аптаның сенбісінде біздің ауданымызда да ұйымдастырылып, пайғамбарға салауат айтылды. Аудандық Мәдениет үйінде жүзеге асқан іс-шараға құрметті қонақтар шақырылып, сахна төрінде асыл пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) арнаулар оқылып, …
Жуырда Тәуелсіз мемлекетіміздің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ұйымдастыруымен, «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумы өткізілгені белгілі. Ол артынан аймақтық имамдар форумына үласып отыр. Осындай келелі жиын Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінде де болып, оны осы мешіт имамы Қуаныш Наржанов ұйымдастырды. Форумға құрметті қонақтар ретінде Қазақстан …
Діни сауатсыздықтың соңы орны толмас өкінішке әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Өйткені жете түсінбеген ақпараттың салдарынан қазіргі қоғамда дін жолында талай адасушылықтар кездесіп жатыр. Өз кезегінде Қарасай аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы біз айтып отырған діни экстремизмнің алдын алуға байланысты түрлі жиындар өткізуін жалғастырып келеді. Өткен аптада осы топтың бірқатар мүшелері, 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру …
Еліміздегі дін жағдайын әңгімелегенде жастар туралы айтпай кету мүмкін емес. Қазіргі уақытта жастарымыздың дінге деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Кез келген діни ғимаратқа кіре қалсақ, ондағы жастардың көп екенін көруге болады. Бұл дінді ұстанушылардың басым бөлігін жастар құрайтындығын көрсетеді. Бірақ, жастар дәстүрлі діни бірлестіктерге барып тұрса ғана ғой, олардың дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалына …
Бүгінгі таңда әр-әр жерде үлкен мәселе туғызып, халықты алаңдатқан жайттың бірі – түрлі діни ағымдардың ел арасына ішкерілей еніп, жастарымыздың санасын улап жүруі екендігі баршаға мәлім. Осы ретте еліміздің әр аймақтарында жастардың арасында тура діни ұғымды қалыптастыру, оның түп қазығын ұғындыру үшін ақпараттық топтар құрылып, олар жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы аптаның сейсенбісінде ауданымыздың …
Діннің мән-мағынасы, мазмұны, әлеуметтік тұрпаты жағынан қоғамда алатын орны зор. Дұрыс түсінік бойынша дін – жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарады. Дәл осылай ағымыздан жарылып айтқанымызбен, қоғамда қалыптасып жатқан теріс ойлардың, пайымсыз пікірлердің де бар екенін жасырмаймыз. Соның салдарынан адасушылық та болып жатады. Осыған орай, еліміз бойынша облыстық, аудандық көлемде оның алдын алуға қатысты түрлі түсіндіру жұмыстары …
Жақында Шамалған ауылындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында, ҚР Конституция күніне орай, «Ата Заң – елдігіміздің еңсесі» атты діни бірлестік жетекшілерінің отырысы өтті. Алматы облысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу» орталығының директоры Нұрлан Адетбеков төрағалық еткен жиынға негізгі дәстүрлі ислам дінімен қатар, басқа да дін өкілдері қатысты. Алғаш сөз кезегін алған Нұрлан Байғожаұлы дөңгелек үстелдің …
Діни экстремизм мен терроризм қоғамның тұтастығын бұзып, жастарды тура жолдан тайдырып, ел ішінде алауыздық тудырады. Елбасымыз өз сөзінде: «Экстремизм Қазақстанда кең ауқымда пайда бола қоймағанмен, конфессионалдық тұрақсыздықтың бізде де бой көтеруінің белгілі бір қаупі бар», – деп алаңдаушылық білдірді. Дегенмен, бүгінде елімізде бұл жаһандық дертті ауыздықтауға, алдын алуға арналған көптеген шаралар қолға алынуда. Біздің ауданымызда …