Ретсіз саудамен күрес жалғасуда. Әп-сәтте жайма базар жасайтын жұршылықтың жүгенсіздігін тоқтату үшін жергілікті билік пен құзырлы органдар тағы да тексеріс өткізді. Арнайы құрылған комиссия өкілдері өткен аптада Каскелең қаласындағы жайма базарларын ретке келтірген еді. Бұл жолы да, аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаевтың төрағалығымен, кезекті рейд ұйымдастырылды. Әдеттегідей, аудандағы «Атамекен» ҰК палатасының филиалы, сәулет және қалақұрылысы, …
Жуырда ауданымызда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінің ұйымдастыруымен, «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасы өтті. Осылайша ауданымызға қарасты 35 мешіт өкілдерінің белсенді жұмыс атқаруымен жылда болатын акция биыл да жалғасын тапты. Басты мақсат – оқу жылы қарсаңында көпбалалы отбасылардан шыққан, әлеуметтік жағдайы төмен, мектепке дайындығы аз оқушыларды оқу құрал- жабдықтарымен қамтамасыз ету. Жыл …
Біздің егемен еліміздің ең басты байлығы – оның халқы. Сондықтан адамның өмірі мен денсаулығына айрықша назар аударылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында да халықты саламатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсеткен. Сол себептен де тәуелсіз Қазақстанда мыңдаған спорт алаңдары, стадиондар, спорттық-сауықтыру орталықтары, спорт мектептері және тағы басқа осы бағыттағы …
ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2007 жылдан бастап, «Мектепке жол» акциясы биыл да өз жалғасын тауып жатыр. 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін іс-шара дәстүр бойынша ауданымызда да насихатталуда. Акция мақсаты – мектепке баратын аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасы балаларына жәрдем көрсету. Осы шараның тағы бір негізгісі – материалдық себептермен мектептен қалып …
Қазір ауданымызда да жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Елбасының жарлығына сәйкес 2007 жылдан бері басталған осы маңызды іс-шараға биыл он бір жыл толып отыр. Бұл акцияның басты идеологиясы аз қамтылған және көп балалы отбасыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының …
Қазіргі кезде еліміздегі «Нұр Отан» партиясы халықтың мұң-мұқтажына ерекше көңіл бөлетін, азаматтар қажеттілігін, тұрғындар сұранысын қамтамасыз ететін іргелі саяси ұйым екендігі белгілі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауымен ел дамуының жаңа кезеңі басталып, өркендеуге, әр тұрғынның әл-ауқатын жақсартуға негізделген «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы іске асуда. Осы орайда «Нұр Отан» …
Ауданымыздағы қоғамдық ұйымдардың ішінде ардагерлер кеңесінің орны айрықша. Өйткені, оның төрағасы Сайлаубек Қыдыралиевтің басшылығымен жүзеге асып жатқан жұмыстарының маңызы өте зор. Ел алдында жіті назарда жүретін ардагерлердің қоғамдағы, әсіресе, жастар тәрбиесінде атқарар істері де аз емес. Сондықтан да аға ұрпақ өкілдерінің басын қосатын ұйымдардың жұмыс нәтижелерін талқылаудың да қажет екені белгілі. Осындай мақсатпен жақында ауданымызға …
Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, ұлтымыздың ұлы тұлғасы, Қазақстанды ұзақ жылдар бойы басқарған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 106 жыл толып отыр. Осыған орай, халық кемеңгерін еске алу мақсатында республикамыздың барлық аймақтарында көлемді іс-шаралар ұйымдастырылуда. Ал, киелі Қарасай жеріндегі дәстүрлі той 22 тамызда ҚР ҰҚК-ін басқарған, осы тамаша адаммен қызметтес болған Амангелді Шабдарбаевтың бастамасымен өткізілді. Ия, …
Босағамыздан нарықтық дәуір дендеп енген XX ғасырдың 90-шы жылдарындағы тоқырауда қазақтың баласы күнкөрістің қамымен базар жағалап, сауда-саттықтың қыр-сырын меңгере бастап еді. Ал, қазір атадан қалған кәсіп болмаса да, алып-сатуда алдыға жан салмайтын болдық. Нарық заманы нан тауып жеуді үйреткен соң, ала дорба арқалаған ағайын әр жерде сауда жасап, нәпақа тауып жүр. Дегенмен, бұл күнде базар …
Өткен аптада Қарасай аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оны кеңес төрағасы Сағат Мәсімақынов ашып, жүргізіп отырды. Отырыстың күн тәртібі бойынша алғашқы кезекте «2018 жылдың І жартыжылдығында аудандағы кириминогендік жағдайды болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстар туралы» аудандық ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Абай Тынышбаев хабарлама жасады. Жалпы, осы кезеңде аудандағы оперативтік жағдай тұрақты болған. Қылмыстың тіркелуі …