Осыдан жиырма жеті жыл бұрын, атап айтқанда, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды. Осылайша халқымыз сандаған ғасырлар бойы аңсаған, армандаған бостандығына қол жеткізді.Содан бері азат ел атанып, алғы күндерге қарай қарышты қадаммен басып келеміз. Осы тәу етер тәуелсіздігіміздің басында әлемдік деңгейдегі тұлға Нұрсұлтан Назарбаев тұрды. Тұңғыш Президентіміз әлі күнге дейін тәуелсіз мемлекетімізді байыпты …
Желтоқсан желі тоңдырды мені, Тоңдырды сені ызғары, – деген ән жолдарының арқауына айналған 16 желтоқсан ата-бабаларымыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа бір биік белеске көтерген күн. Иә, Тәуелсіздік күні ең алғаш 1991 жылы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған конституциялық заңнан бастау алды. Тәуелсіздік 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінде Алаңға шыққан жастардың күш-қайраты мен ерік-жігерінің арқасы, …
Жуырда, Тәуелсіздік күніне орай, Алматы облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері Қаскелең қаласында «Бір команда, бір мақсат» атты спорттық ойындардан жарыс өткізді. Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Жамбыл, Іле, Талдықорған-нан келген кіл мықтылар жиналған сайыста олар волейбол, кір тасын көтеру, шахмат, дойбы тоғызқұмалақ, арқан тартыс сияқты спорт түрлерінен сынға түсті. – «Дені саудың- жаны сау» деп …
Елімізде әйелдер мен қыздарды зорлық пен зомбылықтан, тұрмыстық зорлықтан құтқаруға арналған «Әйелдерге қарсы зорлық пен зомбылықсыз 16 күн» деп аталатын науқан басталды. Бұл науқанға Қарасай аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы да үн қосып, іс-шара өткізді. Аудандық «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында әйелдерге көрсетілетін зорлық пен зомбылыққа қарсы халықаралық күнге орай, өткізіліп отырған …
Жақында аудандық орталық кітапханада аудандық ардагерлер кеңесінің мәжілісі болды. Ел өміріндегі маңызды мәселелерге арналған аталған бас қосуды аудандық қоғамдық Кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов ашып жүргізіп отырды. Мәжілісте алдымен Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы», оның ішінде «7-20-25» бағдарламасы талқыланып, бұл жөнінде Сағат Ұлтарақұлының өзі баяндама жасады. – «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» …
Біздің егемен еліміз – Қазақстан әртүрлі конфессиялар мен дін өкілдері бейбіт қатар өмір сүретін демократиялық мемлекет. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съезі тұрақты өткізіліп келеді. Бұл маңызды мәселе жөнінде біз өзге жұрттарға әрдайым өнеге көрсетіп жүрміз. Жалпы, еліміздегі діни тұрақтылықтың, бейбітшіліктің, ынтымақтың артында үлкен жұмыстар тұрғанын …
аудан әкімдігіндегі жиында жан-жақты айтылды Республика Президенті жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы, азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Осы орайда Елбасы тапсырмаларына қолдау көрсету мақсатында жуырда Қарасай ауданының әкімдігінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мәселесі бойынша ведомствоаралық семинар өтті. Семинарға мемлекеттік …
көз сүйсінтіп, көңіл қуантады Тәуелсіз еліміз тәй-тәй басқаннан-ақ Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтің әлеуетін көтеруге бар жақсылықты жасап келеді. Оның ішінде, еліміздің барлық аймақтарының бүлдіршіндерін толықтай мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етуді басты назарына алды. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, осындай мекемелердің қатарын көбейтемін деуші кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдаулар да қарастырылған. Соның бірі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы …
Ғасырлар бойы аңсаған тұғырлы Тәуелсіздігімізге биыл 27 жыл толып отыр. Осы азаттық күн үшін арпалысқан қазақ жастарының күресі – ол Желтоқсан көтерілісі. Сол бір 86-дағы жастар көтерілісінде көптеген қыз-жігіттер жараланып, азаттық үшін жанын пида еткендер қаншама. Осы бейбіт күніміз үшін күрескен сол кездегі қаһармандарымыздың бірқатары қазір ортамызда жүр. Кеше аудан әкімі Жандарбек Далабаев Желтоқсан көтерілісіне …
Елбасының «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Ұлан ауылының мектебінде «Дара жол» атты кездесу кеші өтті. Мектептің акт залында оқушылардың қатысуымен болған жиынға қонақ ретінде осы мектептің түлегі, ауданымыздың құрметті азаматы, «Айгүл» ЖШС-нің директоры Серікхан Әділханов шақырылды. Шараға Серікхан Сәметұлының ұстаздары, Жамбыл ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Толынбеков, «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі …