Кеше Шамалған ауылдық округінде «Сервистік әкімдік» жобалық ғимаратының салтанатты ашылуы болды. Жаңа бастаманың тұсау кесеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев пен аудан әкімі Жандарбек Далабаев қатысты. Жергілікті халыққа қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелер осы сервистік әкімдікте орналасқан. Салтанатты жиында Серікбай Өрікбайұлы жиналғандардың алдында бұл бастама азаматтарға ыңғайлы …
Өткен аптада ауданымызда бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына теріс ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризмнің қаупін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекеттің билігін күйретуге әсер ететін бүгінгі таңдағы қауіпті жаһандық мәселе – терроризм. Қазіргі уақытта терроризм мен эктремизмнің таралу қаупі еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қатерге айналып отыр. …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланғаннан бері ауданымыз бойынша көптеген талқылау отырыстары ұйымдастырылып келеді. Жақында осындай жиындардың бірі Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжінде, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, өткізілген еді. Ал, жиынға ел Президентінің алғашқы Жолдауындағы бағыты айқын бастамаларды тілге тиек етіп, ой бөлісу …
Елімізде алимент өндіріп алу мәселесі өте өзекті күйінде қалып отыр. Бүгінде бұл мәселеге айрықша мән беріліп, құзырлы органдар тарапынан небір амалдар жасалып жатыр. Осы ретте, аталмыш мәселені шешу үшін Алматы облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және облыстық Әділет департаменті «Әкесінің балаға қамқорлығы» атты акция ұйымдастырып, барлық аудандарда бос орындар жәрмеңкесін өткізіп жатыр. Осындай іс-шара …
Егемендіктің қиын кезеңдерінде сабырлы да салиқалы саясатымен, жанкешті еңбегімен туған халқының аяғын үзеңгіге салып, атқа қондырған, бүгінде тұлпар шабыспен қарыштап алға басқан Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – оқушы болып партада отырған, мұғалімнің алдын көрген кешегі шәкірттердің бірі. Ендеше, Елбасына сабақ берген сондай кемел ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» орденінің иегері, соғыс және …
Тәу етер тәуелсіздігіміздің тұғырын берік қалаушы, ел төріндегі тұрақтылық пен тыныштықтың ұйытқысы, сарабдал ойлы саясаткер, халқын кемел келешекке қарай жетелеген кемеңгер Көшбасшы, Мәңгілік Ел болуға байыппен бастаған ірі реформатор – Елбасының еңбегіне лайықты баға беру, құрметпен дәріптеп, кейінгі буынға үлгі тұту үшін белгіленген Тұңғыш Президент күні 2011 жылдан бері мемлекеттік мереке ретінде тойлануда. Кеше біздің …
Қарасай ауданына қарасты Алматы-Бішкек тас жолының бойында борышкерлерді жолдан аңдып ұстау шарасы басталды. Жолдағы көліктерді жаппай тоқтатуды бастаған рейдтің негізгі мақсаты – алимент, әкімшілік айыппұл мен салықтан берешегі бар азаматтардан ақша өндіру. Алматы облысы мен біздің ауданымызға қарасты салықшылар, Алматы облысы әділет департаментінің өкілдері мен сот орындаушылары таңмен таласа тас жолдың бойына шығып, қарызы бар …
Өткен аптаның жұмасы күні аудандық Мәдениет үйінде «Халықтық заңгер» атты жалпыреспубликалық акция өтті. «Параграф» ақпараттық жүйесі Zakon.kz желілік басылымымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірге ұйымдастырған іс-шара барысында, аудан, ауыл жұртының түйіткілді мәселелері тыңдалып, оны шешу жолдары қаралды. Атап айтсақ, аудан халқына консультациялық кеңес беру үшін 15 түрлі …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстын халқына арнаған Жолдауындағы бірқатар басымды бағыттардың арқасында еліміз бойынша көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Оның ішінде ел-жұртпен етене жақын араласуды көздейтін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы да бар. Аталмыш бастаманы ілгерілету аясында өткен аптаның бейсенбісінде «Бірыңғай ұлттық азаматтарды қабылдау күні» жалпыреспубликалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Акцияға аясында еліміз бойынша жергілікті әкімдік пен …
Дін мен оған қатысты кейбір түсініктер көпшіліктің ойында түрлі пайыммен сақталуына бірден-бір себеп, ол – діни білімнің аздығы. Жүгенсіз кеткен интернеттегі алуан ақпараттардың өзі де талай жанды адасушылыққа әкеліп соқтыруда. Соның салдарынан біраз азаматтар ислам дініне дұшпандық танытып, түрлі ағымның жетегіне еріп, шекара асуға дейін барып жатыр. Міне, осындай кереғар ұғымдар қалыптаспауы үшін ауданымызда түрлі …