Алматы облысында стратегиялық маңызы бар қант қызылшасын, жүгері және күріш дақылдардын жинау, ору жұмыстары басталды. Биыл жетісулық шаруалар ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабын 3,7 мың гектарға ұлғайып, 972,2 мың гектарға жеткізген. Оның ішінде дәнді дақылдарды жинау алқабы – 485,4 мың га болса, ондағы дәндік жүгері – 95,8 мың га , күріш — 8,2 мың га, …
2017 жылдың 5 қыркүйегінен бастап еліміз үшін айтулы мерекелердің бірі — Қазақстан халқы Тілдері күні аталып келеді. Бұл күн ұлт ұстазы, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бекітілген жоспарға сәйкес, облыс көлемінде аудан, қала әкімдіктері, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тілдер фестивалі – 2021» деген ортақ атпен түрлі шаралар ұйымдастыруда. Облысымызда …
Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Бұл – айтулы мереке. Тәуелсіздіктің ең басты белгісі – оның негізгі халқының ана тілі, ұлттық мәдениеті. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген ел өзінің салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана …
Қарасай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Айгүл Сатыбекова пен орталық аурухананың бас дәрігері Мәулен Малғаждаров тұмауға қарсы вакцинаны бірінші болып салдырып, ауданымыздағы екпе егу науқанын бастады. Тұмау – жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарын зақымдайтын жіті вирустық ауру, ол айқын интоксикациямен бірге жүреді және ауыр асқынулар мен өлімге әкелуі …
Подписка на периодические издания из года в год, увы, падает. Причины разные. Основная заключается в том, что большая часть населения страны не привыкла читать газеты, а всё больше проводит время в соцсетях, откуда и узнает о происходящих в стране и мире событиях. Другая напрямую связана с тем, что «хромает» доставка периодики. Вот и получается, что, …
Шамалған ауылының тұрғыны Кошали Асланов әмбебап диірмен құрылысын 2013 жылдан бастап қолға алған. Ондағы басты мақсаты – ауданымыздың ғана емес, жалпы еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға өзіндік үлес қосып, шаруалардың ілкімді істерін алаңсыз алға дамытуына жағдай туғызу. «Талпынған жетер мұратқа» дегендей, бірнеше жыл төңірегінде төгілген тер, жұмсалған күш-қуат пен жасымаған жігер бүгінде өз нәтижесін бере …
В нашем районе немало крестьянских хозяйств, занимающихся земледелием. Кто-то из них сделал ставку на зерновые и кормовые культуры, кто-то на овощи и картофель, а вот директор ИП «Абишев» Бекет Абишев, которого многие знают еще и как депутата Алматинского областного маслихата от партии «Nur Otan», уже много лет выращивает малину. В настоящее время в рамках решения …
Осы аптадағы сәрсенбі күні санитарлық талапқа сай Қарасай аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізіліп, оның жұмысын кеңес төрағасы Сағат Мәсімақынов басқарып отырды. Белгіленген күн тәртібі бойынша алғашқы кезекте «Ауданның елді мекендеріндегі санитарлық тазалау, көркейту жұмыстары және Қаскелең қаласы бойынша санитарлық тазалау жұмысы туралы» мәселе қаралып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы …
Тоғыз жолдың торабы болып саналатын Шамалған бекетіндегі 2019 жылдың 15 қыркүйегінде орын алған қайғылы оқиға кімнің де болсын есінде шығар. Кептелісте тұрған жолаушылары бар автобус пойызбен соқтығысып, оның салдарынан бір адам, яғни, көлік жүргізушісі қаза тапқан болатын. Одан бөлек, үш және бес жастағы қыздарымен анасы да ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Көпшілікті дүрліктірген төтенше жағдайдан кейін …
«Алтын орда» базары маңындағы жол құрылысының жай-күйі көлік жүргізушілерді де, осы маңда тұратын тұрғындарды да әбден шаршатқаны жасырын емес. Тас жолдың бойындағы жөндеу жұмыстары 2017 жылы басталғаны белгілі. Ал, ауқымды жұмыстың жақын уақытта аяқталуы көпшіліктің күмәніне айналды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасымен бірнеше жылға созылған бұл құрылыс биыл аяқталуы тиіс. Оның нақты екені бір …