Аудан мәдениетінің өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген Қалбибі Абдуллаеваның өнерлі де жігерлі жас таланттарды шыңдайтын «Қалбибі» өнер студиясының шәкірті, жақында ғана «Шығыс раушаны» мен «Бозторғай» халықаралық байқауларынан жүлделі оралған Нұрлыбек Сапарбай тағы да бір қомақты жеңісті қанжығасына байлады. Кішкентай кезінен өнерді серік етіп, қазіргі таңда ауданымыздың атын тек республикалық емес, сондай-ақ, халықаралық дәрежеде шығарып жүрген …
Мемлекет дамуындағы ең басты қадамдардың бірі – білім сапасы. Осы орайда еліміздің білім беру жүйесіне қазіргі заман талаптарына жауап беретіндей болуы үшін кейде жаңа өзгертулер енгізіліп отырады. Бұл ретте он бір жылдық білімнің нәтижесін көрсететін ұлттық бірыңғай тестілеу сынағында да өзгертулер болып, биыл ауданымыздың талапкерлері де ҰБТ-ны өзгеше сынақ түрінде тапсырды. Өздерінізге белгілі болғандай биыл …
Оқу жылы өз мәресіне жетіп, соңғы қоңырау мерекесі аяқталғаннан соң, емтихан науқаны басталады. Осы ретте ауданымызда 21,23,25 маусым аралығында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген, «Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуді өткізу» қағидасына сәйкес ұлттық бірыңғай тестілеудің 3-ші кезеңі өтеді. Бұл кезеңде талапкерлер грант иегері атануға және білім …
Осы аптаның сейсенбі күні орталық кітапханадағы «Коворкинг» орталығында, аудандық білім бөлімі мен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, IT-сыныптарында білім алушылар арасында аудандық «KASKELEN OPEN CUP» атты робототехникадан алғашқы байқау өтті. Оқушыларды озық ойға жетелеп, зияткерлік қабілетін шыңдайтын шара Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру, жастар мен балалардың инновациялар мен …
Егемен еліміздің жарқын болашағы еңсесі биік, елдік ұстанымы берік талапты жастардың қолында. Яғни, білімпаз ұрпақ, жас түлектерге артылар үміт те үлкен. 12 маусым күні осындай, қатарластарының алды болып, мектепті үздік аяқтаған «Алтын белгі» иегерлерін аудан әкімі Жандарбек Далабаев арнайы марапаттады. Жүздерінде қуаныш пен толқыныс қатар тұнған түлектер жасана киініп, өздеріне жарасымды жастық жалын-жігермен ортаға шыққанда, …
Балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелердің бірі – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осы ретте өткен аптаның сенбі күні Алтын ауыл мектебінде, ашық аспан астында білім ордаларындағы оқушыларымыздың жетістіктері мен жеңістері көрсетілген «Оркестрлер шеруі» өтті. Осымен үшінші жыл ұйымдастырылған шеру балғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Қаладағы алты мектептің басы біріккен шеруге жалпы …
С хорошими достижениями отмечал добрый и светлый праздник последнего звонка коллектив специализированной гимназии имени аль-Фараби для одаренных детей с обучением на трех языках, что в селе Алмалыбак. А это 130 педагогов и 1557 учеников, 63 из которых – выпускники. Среди них шесть претендентов на получение знака «Алтын белгі» и семь на получение аттестата особого образца. …
Балалық шақтың аспанында есте қалатын сәттердің бірі – мектеп қабырғасындағы ұмытылмас кезең екені рас. Сол білім ордасын кеше ғана имене аттаған бүлдіршіндер 25 мамырда алтын ұясынан қанат қағып, болашаққа тағы бір маңызды қадам жасады. Түлектердің мектеппен қоштасу сәті қашанда салтанатты жиынға ұласып, есте қаларлық мерекеге айналатыны белгілі. Сондай айтулы күн өткен аптада ауданымызға қарасты барлық …
Аптаның соңғы күні ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласында орналасқан Сулейман Демирел атындағы университетте жасөспірімдер арасында ағылшын тілінен «Knowledge is Power» олимпиадасы өтті. Ауданымыздағы «CES for You» халықаралық тіл орталығы ұйымдастырған бұл жарыстың мақсаты – талантты балаларға әлеуметтік қолдау көрсетіп, қазақ жастарының халықаралық дәрежеде білім алуына жағдай жасау. Олимпиаданы «CES for You» халықаралық тіл орталығының директоры Айгүл …
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Сулейман Демирел университетінде XXI ғасырдың IT маманын кәсіби даярлау тұжырымдамасы әзірленді. «Отандық білім беруді жаңғырту жағдайында көптілді IT маманның инновациялық құзыреттілік моделін әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы ғылыми жоба 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурсының қорытындысы бойынша грант иегері атанды. Конкурсқа осы …










