Қазақстан мектептерінің тәжірибесінде «менторинг» ұғымы жас мамандармен жұмыс аспектісінде біраз уақыттан бері қолданылып келеді. Ал Қарасай ауданындағы Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясында өткен жылдан бастап менторингті жаңа бағыттарда қолға алған болатын. Өткен аптаның сенбісінде аталған білім ордасының ұжымы Алатау баурайында орналасқан «Аul RESORT» демалыс орталығында «Тәлімгерлік – заманауи мектептегі коммуникацияның жаңа дизайны» атты ауқымды педагогикалық идеялар …
Кеше Сулейман Демирель атындағы университте студенттер референдумның маңыздылығын талқылады. Жиынға қатысқан жастар референдумның өткізілуін қолдайтынын айтты. СДУ Әлеуметтік істер департамент директоры Ванкеев Шамиль референдум елімізді жаңа бағытқа өзгертудің тиімді жолы екенін айтты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси жүйені жаңғыртып, мемлекеттік басқару ісіне, заң шығару процесіне өзгерістер енгізуді бастап кеткені баршамызға мәлім. Өзгерісті тек басшымыз немесе …
Қазіргі уақытта мектептерде оқушылар мен мұғалімдердің зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Оның басты мақсаты оқушыларды өздігінен білім алуға ынталандыру, ізденіске баулу болып табылады. Мұндай жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың білім мен біліктері артып келеді. Десе де мұғалімдердің бұл бағыттағы жіберіп жатқан кемшіліктері аз емес. Осыны түсіндіру мақсатында аптаның сәрсенбісі күні Алтын ауыл орта мектебінде …
Қазақстанда жалпы ғалымдардың 54%-ын әйелдер құрайды. Бұл туралы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Думан Орынбеков «Қазақстан ғалым әйелдері» қоғамдық бірлестігінің форумында айтты. Елімізде «Қазақстан ғалым әйелдері» қоғамдық бірлестігі ғылым мен қоғамда: заманауи тұлға дамуының этномәдени негіздері» республикалық ғылыми-практикалық форумы өтті. Форумда заманауи тұлға дамуының қайнар көздері, ұлттық сананы қалыптастырудағы ана тілінің, төл мәдениетінің және отбасының …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бүгінгі таңда түрлі жүйелі істер атқарылып, бұқара мен билік тілдесетіндей қарым-қатынас орнауда. Ел тілегін жеткізуші сондай жобалардың бірі жақында «Qazaqstan» ұлттық арнасында телекөрермендерге жол тартты. Бір сағат бойы тікелей эфирде өтетін бағдарлама «Жедел желі» деп аталады. Оған Үкімет мүшелері, Парламент өкілдері және басқа да …
1986 жылы негізі қаланған ауданымыздағы С.Жандосов атындағы Қаскелеңдік кәсіптік-технологиялық колледжі бүгінде сұранысқа ие «автомеханик», «электрик», «тігінші», «кондитер» сияқты қажетті мамандықтар бойынша кадр дайындауда. Жылда 220-ден артық астам кәсіби мамандар дайындап шығатын оқу орынның түлектері бүгінде еліміздің әртүрлі ірі компаниялары мен өнеркәсіптерінде еңбек етуде. Осы аптада аталмыш колледж өзінің қол жеткізген жетістіктерін, болашақта осында түскісі келетін …
Болмаған балалық шақ… Дәл осылай аталатын кітапта мейірімге мұқтаж баланың аянышты тағдыры, жанкештілігі, тірі ана мен марқұм әкеге деген сағынышы баяндалған. Бұл кітаптағы оқиғаның басты кейіпкері – жазушының өзі. Бір апта бұрын осы шығарманың авторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ақберен Елгезек Қарасай ауданына қарасты Мерей ауылындағы А.Макаренко атындағы орта мектебінде құрметті …
Білім саласындағы ең нәтижелі бастамалардың бірі – жаңа мазмұндағы оқыту үдерісі. Мектепке дейінгі мекемелер де заман талабына сай, бала дамуына түрлі әдіс-тәсілдерді шеберлікпен қолдана отырып, оқыту мазмұнына қойылатын талаптарды қалыптастырып келеді. Өткен аптаның жұмасы күні тәрбие мен оқытудағы тың тәжірибені тереңдету бойынша Қырғауылды ауылындағы «Ақ көгершін» балабақшасында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен семинар болып өтті. Оның …
Озық оқушыларын дайындайтын мектептердің қатарындағы Алматы облысына танымал, талай оқушылардың зейінін ашып, жетістікке жетелейтін «CES for You» орталығының филиалы өткен аптаның жұмасында Бекболат ауылында ашылды. Салтанатты шараға қатысқан Бірінші Май ауылыдық округі әкімінің орынбасары Хизат Молдыбаев пен «CES for You» мектебінің бас директоры Арайлым Қайратқызы ақжарма тілектерін білдіріп, өнерлі жандар өздерінің ән-шашуларын арнады. Одан кейін …