Бүгінгі жас келіндер өздеріне қойылатын талаптарды біле ме? Ақ босағадан алғаш аттаған жас келіннің атқарар міндеттері қандай? Қазақ келіндерінің отбасылық тәрбиені, әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту мен оны сақтау мақсатында Шамалған ауылындағы Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Дана ене, дара келін» атты байқау өтті. Ене мен келіннің сыйластығын, қазақтың салт-дәстүрін, өнерін, қолөнерін, ұлттық тағамдарын насихаттауға арналған сайысқа ауыл тұрғындарынан …
Аптаның сейсенбісі күні өнер саласының қызметкерлері «Ұлттың бас жобасы – рухани жаңғыру» атты ауқымды іс-шараның өтуіне ықпал етті. Бұл күні Мәдениет үйіне келген аудан тұрғындары қазақтың музыкалық аспаптарының үнін естіп, жас қыз-жігіттер киген әртүрлі әдемі ұлттық нақыштағы киімдер мен қолөнершілердің күмістен, теріден, жүннен, қағаздан, бағалы тастардан жасаған бұйымдарын тамашалай алды. Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен …
Ева Жигалинаның есімі әлеуметтік желіде кеңінен таралған. Орыс халқының этникалық тобына жататын «казак» қызының аттың құлағында ойнауы кімді болсын таңғалдыратыны анық. Қаскелеңдік Еваның жылқыларға деген жақындығы балалық шағынан басталған. Бүгінде ол көкпарға қатысып, асау жылқыларды үйретумен айналысады. Осындай қабілетінің арқасында белгілі режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильміне түсіп, амазонкалардың рөлін сомдаған. Әр ұлттың өзінде жазылмаған заңы …
Әлемдік өркениеттер, әлемдегі таңғажайып жетістіктер қандай да бір мемлекеттер мен қоғамдарға тән болғанымен, сол әлемдік өркениетке қолтаңбасын қалдырған жекелеген тұлғалар көп емес. Қазақ халқы үшін сондай ерек тұлғаның бірі – адамзат білімінің молайып, ақыл-парасатының жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұлама Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби. Ал, осы ұлы тұлғаның өмірін …
«Құсбегілік өнер тек ер адамға ғана тән» деген ұйғарымды жоққа шығарған Айшолпан Нұрғайыпқызының есімі бүгінде төрткүл дүниеге танымал. Бүркітші қыз Моңғолия жерінде дүниеге келіп, ес білгелі құсбегілікті жанына серік еткен. Әлемнің үздік жоғары оқу орындары – Гарвард пен Оксфордтың шақыртуынан бас тартқан Айшолпан Нұрғайыпқызы бүгінде Қарасай ауданында орналасқан СДУ-да білім алады. Қазақстанды әлемге әйгілі еткен …
Бір кітаптың мазмұнын бір ғана көрініспен түсіндірген Абай мектеп-гимназиясының ұстаздары көпшілікті тәнті етті. Сахналық қойылым өткен аптаның жұмасында Қаскелең гуманитарлы-техникалық колледжінің ғимаратында аудандық Аналар мен Қаскелең қалалық ардагерлер кеңестерінің ұйымдастыруымен өткізілген облыстық кітап конференциясы барысында көрермендер назарына ұсынылды. Шараға Алматы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Жамал Баймадиева және басқа аудандағы аталған ұйымның жетекшілері арнайы келіп қатысты. …
Ағымдағы жыл шекарашылар үшін айтулы датамен есте қалуға тиіс. Өйткені, биылғы 18 тамызда ҰҚК Шекара қызметінің құрылғанына 30 жыл толады. Осыған орай, алдын ала жоспарлар шаш-етектен. Түрлі тақырыптық шаралар мен байқаулардан бөлек, Отан оғландары – шекарашылардың 30 жыл ішіндегі ерлікке толы істері туралы кітап жазылып, «Мемлекеттік шекара» деген атаумен республика жұртшылығына жол тартқаны белгілі. Ал …
Қаймағы бұзылмаған қазақ халқы әркезде ұлттық құндылықтарын жоғары қойып, ата-бабасының қалдырған салтын сақтап, әдет-ғұрпын аттамай, дәстүрге ден қоя білген. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» көрсеткен дана халқымыз сыйластықты әрдайым бірінші орынға қойған. Сәлем салу да осының нақ дәлелі. Ертеден келе жатқан сәлемдесудің түрі көп, әрі оның өз үлгісі мен ерекшеліктері бар. Соның бірі – …
Жайма шуақ көктемнің алғашқы айы Наурызда қазақ халқы бірқатар ырыс пен береке алып келетін атаулы мейрамдарды тойлайды. Сондай мерекенің бірі – қазақ халқының көнеден Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының мерейлі бастауы ретінде тойлап келе жатқан – Көрісу күні. Бұл күнде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Адамдар өзара бұрынғы өкпе-реніштерін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық …
Аудан әкімі Жандарбек Далабаев Әйтей ауылдық округінде осы аптаның сәрсенбісінде есептік жиын өткізіп, бірқатар шешім бар тапқан мәселелерді айтты. Әйтейде Мәдениет үйі салынады Мәдениет ошағының жоқтығы туралы ауылдастар талай рет өтініштерін білдірген болатын. Ауыл тұрғындарының сұранысы ескерусіз қалмай, оңтайлы шешімін тапты. Қазіргі таңда Әйтей ауылындағы 200 орындық Мәдениет үйінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Өнер ордасының …