Еліміздің жарқын болашағы өскелең ұрпаққа тәуелді екені – даусыз мәселе. Тіпті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында жастарға үміт артатынын, өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасаудың қажеттілігін атап өтіп, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған еді. Осы ретте еліміздің барлық өңірлерінде балаларға арналған әртүрлі іс-шара ұйымдастырылып, көптеген жұмыстар атқарылуда. Сондай шараның бірі таяуда …
Жаздың бірінші күніне дәл келетін Балаларды қорғау күні – халықаралық мерекелердің бірі. Осы мерекеге орай Қаскелең қалалық әкімдігі мен аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі балаларды құттықтау мақсатында мерекелік шара ұйымдастырды. Қаскелең қаласындағы орталық алаң сан алуан реңге боялғандай гүлденіп, әуелеген әсем әуен көңіл көкжиегін кеңейте түсті. Бұл салтанат ортасында қала әкімінің міндетін …
Әрбір бала қашанда бақытты балалықты сезінуі тиіс. Тәуелсіз елде олар мейірімге мұқтаж болмай, еш алаңсыз өмір сүруі қажет деп есептейміз. Ал олардың шат-шадыман күлуіне, асыр салып ойнауына, балдәурен шақтың тәтті екенін сезінуіне әрбіріміз ықпал етуміз керек. Осындай мақсатпен жақында Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығы Қаскелең қаласындағы облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатына барып, …
Кітапханада жаңа технологияларды қолдану аясында атқарылатын жұмыстар оқырман санын толықтырып, мәдени деңгейінің көтерілуіне тиімді әсер етеді. Бүгінде Қарасай аудандық кітапханасының балалар бөлімінде заман талабына сай 3D кітаптар мен «сөйлейтін қалам» құрылғысы кішкентай оқырмандар назарына ұсынылып келеді. Кітаптардың басты ерекшелігі гаджеттермен бірге қолданылуында. Смартфондағы бағдарлама арқылы камераны кітапқа қаратқанда оқулықтан 3D анимациялық суреттер шығады. Бұл – …