Біздің саламызда еңбек етіп жүрген адамдарды жалақыларының төмендігі мені біраз уақыт алаңдатып келген еді. Елбасының осы Жолдауында әр саладағы еңбек ете-тін барлық адамның мүддесі қорғалып, төмен жалақы мәселесінің шешімі қарастырылғаны қуантады.
Онда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының 1,5 есе, яғни, 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсетіні және осы мақсатта республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллион теңге бөлініп, осы арқылы келесі жылдан бастап жалақысы төмен 1,3 миллион қазақстандықтың кірісі өсетіні жайлы айтылған. Ал, «халыққа қызмет көрсету сапасын елеулі түрде арттыруды қамтамасыз ететін тиісті реформаларды жүзеге асырып, 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімді 10 пайызға дейін көтеру» туралы айтқаны да барлық адамдардың көңілінен шығып, қолдауына ие болды деп ойлаймын.
Осы орайда халықтың жағдайын жақсартуға арналған Елбасының Жолдауы біз үшін өте маңызды.
Мәншүк ТАКЕРОВА,
Қарасай ауданының «Қазпошта» АҚ хат тасушы қызметкері.