Кеше аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Алматы облысының жастар саясаты басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Елдар Сапаров пен аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенованың қатысуымен жиын өтті. Аталған басқосуда өткен 2020 жылда ауданымыздағы белсенді жастардың атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктері жайында жан-жақты айтылды. Сонымен қатар, ауданымыздағы жастармен жұмыс жасайтын әр саланың мамандары өздерінің жылдық қорытынды баяндаламарын оқып, қазіргі жасөспірімдер арасындағы етек алып отырған буллинг, зорлық-зомбылық, өз-өзіне қол жұмсау, сондай-ақ, жұмыссыздық сияқты бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, олардың шешу жолдары талқыланды.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.