Сайлау – елді жаңғырту жолындағы бастамалардың бірі. Ал сайланушылар зиялы тұлға, білікті заңгер, білімді азамат болуға тиіс. Сайлау науқанында дауыс берудегі мақсат – Мәжіліске және жергілікті мәслихаттарға халыққа жаны ашитын білімді тұлғаларды таңдау.
Елімізді жаңарту, Әділетті Қазақстан құру, әділ қоғам орнату – оңай шаруа емес. Оның бір басы әрине, облыс пен ауданның депуттарына келіп тіреледі. Сондықтан жергілікті мәслихатқа ертеңгі заң қабылдаушы тұлғалар жан-жақты білімді, зиялы және еліне, жеріне, халқына жаны ашитын адам болуы керек. Осы сайлауда дәл осындай тұлғаларды елдің мұң-мұқтажын көре білетін, айта білетін және заң жүзінде іске асыра алатын адамдарды таңдау үшін өз даусымызды № 8 сайлау округі бойынша сайланған Махаббат Бигельдиевке бердік. Елдің сеніміне ие болған сондай депуттаттар ғана әділетті қоғамды құруға атсалысады. Осы тұрғыдан айтқанда, бұл сайлауда жігерлі, білікті, білімді кандидаттардың ғана жұлдызы жанды.