Ел болашағы жастар болғандықтан, олар үшін халықпен етене жақын араласу, ізеттіліктерін көрсете отырып қолдау білдіру – саналы ұрпақ үшін жарасымды іс болары сөзсіз. Осы сияқты талай игі бастамалардың басы-қасында жүріп, қоғамдық жұмыстарда да белсенділіктерін танытып жүретін қарасайлық жастардың да өзіндік орны бар. Тіпті, әрбірі пандемияға байланысты елімізде төтенше жағдай орын алған шақта да ерікті ретінде қол ұшын созды.
Осы аптада осындай жас қарасайлықтарды аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова арнайы марапаттап, оларға облыс әкімінің орынбасары Р.Әлидің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Л.Бейсеқұлованың және облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы атынан Алғыс хат пен дипломдарды табыстады. Сонымен қатар, оларға өз атынан да алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Өз тілшіміз.