Жақында аудан әкімінің орынбасары Айжан Нұрділдәқызының төрағалығымен, сондай-ақ, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерінің қатысуымен Қарасай ауданының аумағында орналасқан сәтсіз отбасылардың тұрмыстық жағдайын тексеру үшін көшпелі отырыс ұйымдастырылды. Заң аясында тиісті ақпараттар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Тексеру жұмысы барысында сәтсіз отбасылардағы кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау мақсатында өз міндеттерін орындамағаны үшін ата-аналалар әкімшілік Кодекстің 127-бабы бойынша жазаға тартылды. Сонымен қатар, профилактикалық жұмыстар жүргізу бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.