Жақында аудандық орталық ауруханада аурухана қызметкерлерінің балалары (отбасыларының қолдауымен) арасында сурет салудан байқау өткізіліп, ол егемен еліміздің бас қаласы – Астананың 20 жылдығына арналды.
Алдымен осы байқау-ды ұйымдастырған аурухана кәсіподақ ұйымының төрайымы Сәуле Малғараева сөйлеп, тәуелсіз Қазақстанның өміріндегі осы үлкен мерейлі мерекенің мән-маңызы жайын-да жан-жақты әңгімеледі.
– Астана бүгінде бүкіл әлем қызыға көз тіккен, дәулеті мен сәулеті келіскен әсем де әдемі қалаға айналды. Оны барлық қазақстандықтар айрықша мақтан етеді. Балаларымыз да оның көркіне сүйсіне қарап шаттанады, – деді ол атап айтқанда.
Бұл сурет салу сынына 30 бала қатысып (олардың ішінде бір отбасынан екі-үш баладан қатысқандары да болды), өздерінің ойымен, өздерінше түсінуімен ару Астананы бейнеледі.
Сонымен бірінші орынды Қыдырәлі отбасы жеңіп алды. Ал, екінші, үшінші орынды Майлыбаевтар мен Шәмшат отбасылары бөлісті.
Жеңімпаз, жүлдегер жас суретшілерге дәрігерлер Дана Таждинова, Асыл Бекшентаева және Сәуле Малғараева сыйлық тапсырып, ізгі тілектерін білдірді.
Бұрым ОРЫНБАСАР.