«AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында, аудандық мәслихат депутаттары Бақыт Нарбутаев және Бекжан Сүнбеков республикалық «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы аясында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Халық қалаулылары тарапынан көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында, мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндерге мектепке қажетті құрал-жабдықтарды табыстап, келер жаңа оқу жылымен құттықтап жылы лебіздерін білдірді.
Ата-аналар тарапынан қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, қол ұшын аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып отырған халық қалаулыларына алғысын білдірді.
«AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалы