Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Тарихи тұлға тағылымы» атты мақаласымен мен де қызыға танысып шықтым.
Онда Ұлт Көшбасшысының қазақтың қазіргі тарихында атқарған орасан зор жұмыстары атап айтылған, Ұлы дала төсінде жаңа тұрпатты жас мемлекет құрудағы ерен еңбегі кеңінен көрсетілген.
Иә, халқымыздың ұлы перзенті Нұрсұлтан Әбішұлының кәнігі саясаткер ретіндегі, көреген, алысты болжай білетін ел жетекшісі ретіндегі, ауқымды түрде ойлайтын кемеңгер басшы ретіндегі атқарған, ел-жұртының көңілінен шығып, көп істі ілгері бастырған қалтқысыз қызметін барлығымыз да білеміз. Алайда, Қасым-Жомарт Кемелұлы осының бәрін тереңнен қозғап, барлық қадір-қасиетімен өз мақаласында әдемілеп бере білген екен.
Осылайша біз Нұрсұлтан Назарбаевтың кісілік келбетін, адамдық бет-бейнесін, қайраткерлік күш-қуатын, елбасылық сын-сипатын бұрынғыдан да анық аңғара түстік деуге әбден болады!
Амангелді МОЛБАЕВ,
Шамалған ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы.