Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты аса маңызды бағдарламалық мақаласы бүгінгі қоғамдық сананы дүр сілкіндірген тағылымы мол тамаша тарихи оқиға болды. Ол, шын мәнінде, ел дамуына да ерекше серпін берді дей аламыз.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасында барлық мәселенің басында тұратын білім саласы да кеңінен қамтылған. Яғни, оқушылардың бойында туған елі мен жеріне деген үлкен құрмет сезімін орнықтыруға, Отанын сүйіп, патриоттық рухта тәрбиеленуіне көп көңіл бөлінген.
Сонымен қатар, өскен өлке тарихын зерделеу, кітапты көп оқуға баулу, еліне айрықша еңбегі сінген атақты адамдармен кездесу өткізу сияқты игі істерді ұтымды ұйымдастыру да бар. Экологиялық жағдайды назарда ұстап, табиғатқа жанашыр болудың да мән-маңызы атап көрсетілген.
Түйіндеп айтқанда, жас ұрпаққа әрдайым жақсы білім мен тәрбие берілуі тис.
Иә, рухы биік, отаншылдық сезімі жоғары, жан-жақты дамыған жастардың келешегі де кемел болмақ.
Олай болса, осы орайда егемен еліміздегі үлкен де іргелі істерге бастамашы болған Тұңғыш Президентіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының да маңызы өте үлкен.
Бәріміз де, оның ішінде, мұғалімдер де оның дәйекті жүзеге асуына үлесімізді қосуымыз керек!
Лаура ЖАЛҒАСОВА,
Б. Тамабаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.