Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы«Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының кеңейтілген отырысын тікелей эфирден көрдім. Алқалы жиында салмақты, өзекті мәселелер мемлекет деңгейінде талқыланды.
Мемлекет басшысы «Ассамблеяның қажеті жоқ» деген күмәнді пікірлерге жауап берді. Оның айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлігімізді нығайтуға қызмет ететін бірегей құрылым. Яғни, ол өз сөзінде ұйымның болуы қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этносты ұйыстырып отыратын, онда еңбек етіп жүрген азаматтарды бірліктің елшісі екендішін тілге тиек етті.
Иә, расымен Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі түрлі этникалық топтардың мүдделерін қорғауға және ілгерілетуге бағытталғаны сөзсіз. Ол ұлт бірлігін сақтау мен нығайтуда үлкен рөл атқарады. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этникалық немесе діни негізде бірде-бір үлкен саяси қақтығыс болған жоқ. Халықаралық қоғамдастықта еліміз Қазақстанда тұратын және Қазақстанның біртұтас халқын — қазіргі заманғы және бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекетті белсенді құрып жатқан халықты білдіретін барлық ұлт өкілдерінің конфессияаралық және мәдениетаралық келісімін қамтамасыз етуге бағытталған дәйекті ішкі саясатты жүргізетін ел ретінде танылды.
Сондай-ақ, Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы мен мемлекеттік органдардың қоғамдағы бірлік пен келісімді қамтамасыз ету саласындағы қызметі мен міндеттерінің басымдықтарын атап өтті және ұлтаралық кемсітушілік пен жанжалдарға жол бермеу, арандатулар мен этностар арасындағы бейбітшілік пен келісімді бұзғысы келетін әлдекімдердің әрекеттерін болдырмау қажеттігіне назар аударды. Әлбетте, оны мемлекеттік саясатты дұрыс насихаттап, іріткі салушылардың соңынан ермей, саналы түрде бір мүддеге жұмылу арқылы жүзеге асырамыз.
Айшам НУРУЗОВА,
Қарасай аудандық ұйғыр этно-мәдени орталығының төрағасы.