Күнге қарай бой түзеп өсіп келе жатқан балаларға мектеп алды тәрбиесін берудің маңызы зор. Бірінші сыныпқа барғанға дейін балалар жылы мекенде қолдарына қалам ұстап, сурет салып, тақпақ жаттап, бірлі-жарым әріп танып дегендей мектепке жап-жақсы дайындықтармен барады.
Аналардың мерекесі тұсында Кеген ауылындағы «Балауса» бөбекжай балабақшасына қарасты «Жұлдыз» атты мектеп алды тобы «Ана – өмірдің гүлі» атты тақырыпта мерекелік ертеңгіліктерін өткізді. Нұрәлі мен Расул жүргізген әдемі кеште Алина, Мүсілім, Балауса, Тәуекел, Жансұлу, Расул, Маржан, Сезім, Бағлан, Арман, Бейбарыс, Жанел, Інжу, Аилин секілді кішкентай ұл-қыздар анаға арналған тақпақтарын айтты. Кішкентай «жігіттер» топтарындағы қыздарға арнап «Қыздар-ай!» атты әндерін шырқады. Мүсілім Қанатбек «Анашым» атты әнін орындады. Ертеңгілік аясында әкелері мен қыздары би билеп, кеш ажарын ашып тастады. Көпшілік «Қарты бар үйдің қазынасы бар», – дегендей, бір отбасын әжесі мен немересінің ортақ жып-жылы әңгімесін тамашалады. Ертеңгілік бір сәт аналар мен балалардың тамаша биімен өрнектеліп жатты. Әсерлі кеш балапандардың «Ана» атты хорымен қорытындыланды. Ертеңгіліктің соңында «Балауса» балабақшасының меңгерушісі Салтанат Нұрғалиева сөз алып, кішкентай балапандардың болашаққа аттар қадамдарына сәттілік тіледі. Ата-аналарын төл мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды ыстық лебізін арнады. Осындай ертеңгілікке негіз қалаған «Жұлдыз» тобының тәрбиешілері Қуаныш Нүсіпова мен Жұмагүл Жазықбековаға алғысын айтты.
Бұрым ОРЫНБАСАР.
Кеген ауданы.