«Заң мен тәртіп» қағидаты – бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен алға қойылған, Әділетті Қазақстанды құрудың және қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудің бас кепілі. Аталған тұжырымдама заң үстемдігін орнатуды, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және заң алдындағы бәрінің теңдігін білдіреді.
Қағидаттың басты бағыттары:
– Заң үстемдігі. Кез келген азамат пен лауазымды тұлға үшін заң талаптары бірдей және міндетті.
– Қоғамдық қауіпсіздік. Көшелердегі тәртіп, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу және қылмыстың алдын алу.
– Жазаның бұлтартпастығы. Әрбір құқық бұзушылық немесе заңсыз әрекет үшін тиісті жауапкершілік белгіленеді.
– Құқықтық мәдениет. Азаматтардың заңды білуі, сыйлауы және күнделікті өмірде тәртіпті сақтау әдеті.
Жалпы «Заң мен тәртіп» – бұл тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір қазақстандықтың азаматтық жауапкершілігі.

