5 қазаннан бастап Қарасай ауданының аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғын үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мүліктік қылмыстардың алдын алу және азаматтарға қауіпсіздік шараларын түсіндіру.
Полиция қызметкерлері аудан тұрғындарымен профилактикалық кездесулер өткізіп, тұрғын үйлердің қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Бөтен адамдарға есік ашпаңыз, үй-жайларды қараусыз қалдырмаңыз. Үйдің қауіпсіздігін арттыру мақсатында бейнебақылау және дабыл жүйелерін орнату ұсынылады.
Қауіпсіздік – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі!

