Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырзаның қолдауымен қолға алынған «50+» әлеуметтік жобасы бойынша «Белсенді Ұзақ Ғұмыр» Жол картасын іске асыру шеңберінде қаланың егде жастағы тұрғындары үшін «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы Бостандық ауданы әкімімен және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен бірге «50+» әлеуметтік жобасына арнайы дайындаған бағдарламасы бойынша Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының Инновация және қосымша білім беру институты жанында компьютерлік курстар ұйымдастырылды.
Бұл бағадарлама бойынша Бостандық ауданының 50 жастан асқан тұрғындары базалық компьютерлік білім ала отырып, компьютерлер мен компьютерлік техниканы тиімді пайдалануды, интернет желісінің пайда болу тарихымен, браузерлерді пайдалану, сілтемелерге, веб-сайттарға кіру және egov.kz үкіметтік порталының қызметтерін пайдалану мүмкіндіктеріне қол жеткізді. Курсты жалпы білім беру пәндері факультетінің оқытушылары жүргізіп, академиямыздың үздік студенттері волонтер болып курсқа қатысушылардың білім алуына өз көмектерін тигізді. Курсқа қатысушы қарттар, барлық әлеуметтік желілерден, электрондық поштадан және онлайн әлемнің басқа атрибуттарын қолдануды үйреніп, ризашылықтарын білдірді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Төртінші индустриалдық революцияның даму мүмкіндіктері» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін цифрландыру қажеттігін атап өтті. «50+» жобасы «Digital Kazakhstan» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың берік іргетасына айналады деп айтуға болады.
Инновация және қосымша білім беру институты директоры Аймағамбетова Зәуре Төленқызы мен Бостандық ауданы Әлеуметтік сала бөлімінің маманы Сәндібек Қарлығаш Рахымжанқызы курсқа қатысушыларға ізгі ниеттерін білдіріп, аға буын өкілдеріне сертификаттар мен сый-сыяпаттар табыстады.
Жобаның арқасында 50 жастан асқан аға ұрпақ осы бағдарламаға бейімделіп, Қазнеттің белсенді пайдаланушылары қатарына қосылып, қазіргі заманғы технологиялар туралы ақпарат пен білім деңгейін арттырады, осылайша Қазақстанның озық мемлекет ретінде имиджін көтереді деген сенімдеміз.
Ақпараттық қоғамның білімді азаматтары көбейе берсін!
Ж. КОБЕНКУЛОВА,
А. РЫСБАЕВА,
ҚазБСҚА-ның оқытушылары.