Қарттар күніне орай Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің ұжымы саналы ғұмырын білім мен тәрбие саласына арнап, талай жылдар бойы шәкірт тәрбиелеген ардагер ұстаздарға ерекше құрмет көрсетті.
Колледж ұжымы ардагер ұстаздардың шаңырақтарына арнайы барып, мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, сый-сияпат табыстады. Бұл – ел ертеңін тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқан ардақты жандарға деген шынайы ризашылық пен құрметтің белгісі.
«Қариясы бар елдің – қазынасы бар» демекші, өмірдің талай белесінен өтіп, кейінгі ұрпаққа өнегелі жол қалдырған ардагер ұстаздардың әрқайсысы – колледж ұжымы үшін орны бөлек, қадірлі тұлғалар.
Ұстаздық жолдағы еселі еңбектерімен талай шәкірттің жүрегіне білімнің шырағын жағып, адамгершілік пен ізгіліктің дәнін сепкен ардагерлеріміздің еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Олардың өнегелі өмірі мен ұстаздық жолы – кейінгі буынға үлгі, жас мамандарға тағылым.

