Қаратал ауданы №520, 528 сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы сағат 7-ден бастады. Саяси науқанға деген елдің ықыласы жоғары екенін дауыс беруге келген халықтан анық байқауға болады.
А. Пушкин мектебінде орналасқан №520 сайлау учаскесіне ең бірінші болып құқық қорғау саласының қызметкері Бағлан Ахметжанов келіп дауыс берді. Жалпы аталған сайлау учаскесінде 2028 сайлаушы дауыс беруге құқылы. Оның 18 қарт адам. 18 жасқа толған 4 азамат бар, мүмкіндігі шектеулі 5 адам. Таңғы сағат тоғызға дейін жүз елуден аса адам өз таңдауын жасаған. Азаматтық құқығын орындауға келген сайлаушылардың ішінде өтбасымен келіп дауыс берген ерлі-зайыпты Қанат Елеусізов пен Мадина Қалиева кішкентай үш айлық Мейрім деген қызымен келіп, дауыс берді.
– Бүгін біз отбасымызбен бірге келіп өз таңдауымызды жасадық. Әрине бұған дейін де біз бірнеше рет сайлауға қатысқанбыз. Ал кішкентай бүлдіршіннің өмірінде бұл алғашқы. Дүние есігін ашқанына үш ай болған Мейрім қызымыз Жаңа Қазақстанды құруға бізбен бірге келуі жеке отбасымыз үшін тарихи сәт деп есептейміз. Болашақта қызымыз жасы он сегізден асқасын кезде осындай саяси науханда Қазақстан Республикасының азаматы ретінде қатысады. Ал бүгін оның алғашқы қадамы. Ел болашағы үшін дауыс беру біздің азаматтық борышымыз, – деді.
Жасы сексенбірге келген Сайлаубек Алданазаров та өзінің бекітілген №520 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.
– Мен сонау Кеңес кезінен бері сайлауға қатысып, азаматтық көзқарасымды білдіріп келемін. Мен үшін әрбір дауыс берген күнім тарихи сәт деп бағалаймын. Бүгінгі референдумының маңызы өте жоғары. Жаңа Қазақстанды құру менің де азаматтық парызым,–деп сөзін арнады.
Ал К. Тоқаев мектебіндегі №528 сайлау уаскесінде 2328 адам дауыс беруші тіркелген. Оның 78 і қарт кісілер. Барлығы өз өтініштерін жазып, үйден дауыс береді. Жасы келген кісілердің ішінде ең егдесі 1930 жылы дүниеге келген Анна Годунова мен Ольга Резуенкова. Кәмелетке толған 18 жас сайлаушы бар. Таңғы сағат жетіде жұмысын бастаған сайлау уяаскесіне ең бірінші болып 18 жастағы Диана Еркін келіп өз таңдауын жасады. Өмірінде бірінші рет сайлау құқығына ие болған Дианаға №528 сайлау учаскесінің төрайымы Ләззат Еспанова арнайы дайындалған диплом мен сыйлық табыс етті.
Ләззат Сарқытбекқызының айтуынша: «Кәмелеттік жасқа толған жас сайлаушымызға сыйлық табыс еттік. Бұл оның өміріндегі үлкен тирихи сәт болып қалатыны сөзсіз. Әрине адам баласы кез келген мерекеде сыйлық алып жатады. Оның да өзіндік әсері бар. Дегенмен саяси науханда жастарымыздың сыйлыққа қол жеткізуі үлкен өмірге қамад басуы секілді деп ойлаймын. Ертеңгі өмірі де осындай қуанышқа тола берсін дегім келеді. Ал сайлау учаскесіне келсек барлығы заң талаптарына сай қызмет атқарып жатыр. Жастарымыз да жасамысымыз да белсенділік танытып, өз таңдауын жасап жатыр. Кешкі сағат 20-00 ге дейін толықтай келеді деген жоспар бар. Әркімнің азаматтық құқығы. №528 учаскенің тіркелушілерінің белсенділігі жоғары екенін таңнан беріп келіп жатқан адамдардан байқауға болады».
Сексен алты жастан асқан ардагер, құқық саласының қызметкері болған, зейнеткер-майор Абдилманат Жолдыбаев сайлауға қатысу менің азаматтық парызым. Елімнің болашағы үшін өз таңдауымды жасадым,–деді.