Осы аптаның сәрсенбісінде Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Ауылшаруашылық қызметкерлерінің күні аталып өтті.
Алматы облысы әкімінің атынан мерекемен оның орынбасары Серікжан Бескемпіров құттықтады. Өз сөзінде ол облыстың ауыл шаруашы-лығындағы жетістік-теріне тоқталып, алдағы жоспарлары жайлы айтты.
Шара барысында аталған салада жоғары көрсеткішке ие болған үздіктер марапатталды. Соның ішінде Қарасай ауданы да жылды жақсы нәтижемен аяқтады. Атап айтқанда, біздің аудан ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуге белсене қатысқаны ретінде бірінші орынды иеленді. Ал, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратындар үздіктер қатарында қарасайлық «Оңтүстік» агропаркі екінші орынға лайық деп танылды.
Өз тілшіміз.