Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласында пара самбодан Әлем кубогі өтті. Халықаралық додада Қарасай ауданының спортшысы Қожәлім Самал 50 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жоғары шеберлік танытып, жарыс жеңімпазы атанды.
Қожәлім Самалдың бұл жеңісі — жүйелі дайындық пен табандылықтың нәтижесі. Қарасай ауданының спортшысын Әлем кубогіндегі жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестік білдіреміз.

