Жуырда Елтай ауылдық округінде орналасқан «Almaty Steklo» шыны зауытында, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалынан съезге қатысқан делегаттары мен партия ардагерлері кездесу ұйымдастырды.
Жиынға зауыт басшысы Азим Абдуллаев пен өндіріс орнында еңбек ететін 100-ден астам жұмыскерлер қатысты. Басқосуда алғашқы сөз «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Маратқа беріліп, ол қатысушыларды алдағы келе жатқан Президенттік сайлауға қатысуға белсенділік танытуға шақырды. Бұдан бөлек, Ақшолпан Қайратқызы партияның атқарып жатқан 24 жобасына да тоқталып, таныстырып өтті. Мұнан соң, партия ардагері Несіпбала Әбенқызы өндіріс қызметкерлеріне сайлаудың маңызды тұстары жайлы айтып өтсе, Елбасы сыныптасы, Елтай ауылдық округінің тұрғыны Андаш Қаражан сайлауға қатысып, дауыс беру еліміздегі әр азаматының патриоттық міндеті екенін алға тартты. Жиын соңында, зауыт басшысы Азим Шамоұлы кәсіпорын атынан келген қонақтарға алғысын айтты.
Бақдаулет ТАЛИПОВ.