19 наурыз ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Атаулы күнге орай өңірдегі 629 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.
Бүгін Алматы облысы бойынша мәслихаттарға 190 депутат сайланады.
Заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Парламент мәжілісі 98 депутаттан тұрады. Оның 69-ы партиялардан, қалған 29-ы бір мандаттық округ бойынша сайланады.
Ел аумағында 29 бірмандаттық округ құрылған. Соның ішінде 11 және 12-ші округ Алматы облысында. 11-ші округтің орталығы Қонаев қаласында, 12-округтің орталығы Қаскелеңде орналасқан.
11-округке Райымбек, Кеген, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары мен Қонаев қаласы кіреді. Ал 12-округке Жамбыл, Қарасай, Іле, Балқаш аудандары кіреді.
12 округ бойынша ҚР Мәжілісі депутаттығына 10 кандидат тіркелген. 11 округ бойынша 9 кандидат бар.
Алматы облысындағы сайлаушылар саны – 966 297.