Notice: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/karasayinfo.kz/naqtygazeti.kz/wp-content/themes/justgoodnews/admin/titan-framework/lib/class-admin-page.php on line 78

Газета "Naqty" ("Заман жаршысы"). «Қалбибі» өнер студиясы нәзік жандыларды құттықтады
Четверг, 27 августа 2026   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
«Қалбибі» өнер студиясы нәзік жандыларды құттықтады
11:07, 05 марта 2021

«Қалбибі» өнер студиясы нәзік жандыларды құттықтады

Көктем мезгілімен қатар келетін 8 наурыз мейрамы бұл – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербететін әйелдер мерекесі. Осы күні әлемнің барлық елдерінде жылдағы дәстүрге сай әйел қауымына құрмет білдіріліп, ілтипат көрсетіледі. Ауданымыздың атын жер-жерлерде шығарып, қарасайлық жас дарындылардың жұлдызын жағып, болашақтарына жол ашып жүрген «Қалбибі» өнер студиясы да осы дәстүрден шет қалмай, аудандық Мәдениет үйінде кеш ұйымдастырып, әйелдерді төл мейрамымен құттықтады.

Ақ жаулықты әжелер, ардақты аналардың көңілдерін көтеріп, оларға деген ризашылық сезімін білдіру мақсатында ұйымдастырылған «Асыл ана, Ғасыр әже» атты мәдени кеш марапаттау рәсімінен басталды. Оны табыстау құрметі аталған шараға қонақ ретінде шақырылған аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсеноваға беріліп, өнер студиясының атынан бірқатар ата-ананы марапаттады. Нақтырақ айтқанда, бұл кеште алдымен аталған өнер студиясында білім алып, оның атынан өнер көрсететін дарынды жас қарасайлықтардың ата-аналарына осындай балалар тәрбилегендері үшін «Дарынды өнерлі бала әжесі», «Дарынды өнерлі бала анасы» атты медальдар мен Алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, марапатталғандардың ішінде өнер студиясының ұстаздары да болды. Олар «Шығармашыл ұстаз» деген медальдар мен Алғыс хаттар алды.
Мұнан кейін, сахнаға аталмыш тамаша кешті ұйымдастырған өнер студиясының басшысы Қалбибі Абдуллаева шығып, осы уақытқа дейін оларға әртүрлі қолдау көрсетіп, әрдайым көмек қолын созып жүрген Күлжан Әділханқызы, аудандық орталық Мәдениет үйінің директоры Елнұр Қайратқызы, аудандық Мәдениет және тіл бөлімінің бас маманы Ләззәт Болатқызы сияқты бірқатар өнер жанашырларына Алғыс хаттар ұсынды.
Мұнан соң бірден көпшіліктің көңілінен шыққан мерекелік бағдарлама да басталып кетті. Хордың «Асыл ана, Ғасыр әже» әнін орындауынан басталған концерт барысында дарынды өнерпаздар қазақ тілінде «Угай», «Ләйлә», француз тілінде «Пардонмуа», «Лямур», италиян тілінде «Фуникула», ағылшынша «It s a mans mans world» сияқты көптеген әндер шырқап, жиналғандарға керемет көңіл күй сыйлады.
Осылайша, әртүрлі тілдерде әсем әндер орындаған «Қалбибі» өнер студиясы да естен кетпес әсер қалдырды.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.

Об авторе: naqtygazeti

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2026 Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")
Дизайн и поддержка: GoodwinPress.ru