Өткен жылы Алматы облысында 1735 алаяқтық қылмыс тіркелді. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға төмен. Аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар Қарасай ауданында керісінше, 5,6%-ға өсті (231-ден 244-ке дейін). Бұл ретте ақпараттық жүйеде пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен жасалған қылмыстардың едәуір өскенін атап өткен жөн.
Қазіргі жағдайда мемлекеттен тиісті шаралар қабылдауды талап ететін алаяқтықтың жаңа жүйесі қолға алынуда. Компьютерлік технологиялар мен желілік технологияларды кеңінен енгізу нәтижесінде компьютерлік техниканың құралдарын қолдана отырып, алаяқтық шабуылдардың үлесі артып келеді.
Бұл ретте келесі құрамдарды немесе біліктілік белгілерін атап өткен жөн. Олар: несиелеу саласындағы алаяқтық; әлеуметтік желілерде сату (сатып алу) жағдайындағы алаяқтық; өтемақылар, субсидиялар, жәрдемақылар алу кезінде ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті ұрлау; инвестициялық қызметті жүзеге асыру кезіндегі алаяқтық.
Қылмыстық қудалау органдары мен соттар кінәлі тараптан алдау немесе сенімге қиянат болмауы мүмкін екенін ескермейді. Өйткені жәбірленушінің іс-әрекетінде еріктілік бары ескеріледі. Мысалы, «қаржы пирамидаларын» ұйымдастырушылардың іс-әрекеттерін саралау белгілі бір қиындық тудырады. Жәбірленушілермен мәмілелер жасасу кезінде олар бұрынғы салымшыларға ақша төлеу пирамиданың кейінгі клиенттерінің ақшасы есебінен жүргізілетінін жасырмайды. Адамдар, ақыр соңында біреу салынған ақшаны алмайтынын біле отырып, оған өз еркімен барады. Яғни, мұнда «алдау», «сенімге қиянат жасау» ұғымдарының белгілері санасын улағанын байқаймыз.
Алаяқтық жасаудың негізгі шарты азаматтардың пайдалы іске тартпақ болған бөтен адамдарға орынсыз сенгіштігі болып табылады.
Алаяқтық дегеніміз – ең алдымен жалғандық, өзгенің сеніміне кіріп алдау. Сондықтан қылмыстың бұл түрімен күрестің тиімді жолы – Сізді алдауы мүмкін адамның айтқан мәліметтерінің анық-қанығына көз жеткізу.
Алаяқтық белгілерін байқап қалсаңыз, қарапайым сақтық шараларын орындағаныңыз дұрыс. Мәселен, егер жаңа танысыңыздың іс-әрекеті, сөзі күдік тудырса, ең алдымен оның кім екендігін анықтауға тырысыңыз. Оның құқық белгілейтін құжаттарын көрсетуін сұраңыз. Әртүрлі себеппен ол ұсынған іс-әрекеттің орындалуын кейінге қалдырыңыз. Істің мән-жайын анықтағанға дейін оған ақша бермеңіз, ешқандай құжатқа қол қоймаңыз. Болған оқиға жайлы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Қарасай ауданының прокуратурасы.