Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Сонымен қатар, мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Қазіргі кезде біздің ауданда мұндай мәрт азаматтардың қатары көбейіп, қолдарынан келгенше, халыққа көмек беруде. Сондай шаралардың бірі ретінде жуырда аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының ұйымдастыруымен, «Бақытты отбасы» жобасы аясында, «Қайырымды жандар» атты қайырымдылық акциясы өтті. Жиынның басында сөз алған аудандық партия филиалының кеңесшісі Ералы Рахметқожаев акцияның мақсат-міндетерімен таныстырып, толық ақпарат берді. Сондай-ақ, бұл шараға әрдайым жақсы істердің жанынан табылатын қайырымды жан, жеке кәсіпкер Ясин Абдолазисұлы да қатысты. Ол акция аясында ауданымыздағы көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға қыстық аяқ киім сыйлады.
Жиын соңында, мұндай игі іске өте риза болған ата-аналар қауымы қайырымдылық жәрдем берген демеушілеріне үлкен алғыстарын айтты.
Бұрым ОРЫНБАСАР.