«Адал азамат» — өз еліне, қоғамына және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын, әділдік пен адамгершілікті ту ететін тұлға. Бұл ұғым ұлттық құндылықтарды, еңбексүйгіштік пен білімге ұмтылуды дәріптейтін қазіргі мемлекеттік «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының да негізі болып табылады. Адал азамат дегеніміз–- өз еліне, өз қоғамына және жасаған іс — әрекетіне аса жауапкершілікпен қарап, шынайылық танытатын адам. Көпке топырақ шашпасақ та, қазіргі қоғамда адал азаматтар жиі кездесе бермейді. Сондықтан да бүгінгі күні ондай тұлғалардың алар орны ерекше. Айналадағы біркелікті сақтау үшін жақсы әрі әділ принцип ұстанатын жандарға бүкіл әлем зәру. Себебі адал азаматтардың бойына кездесетін қасиеттер өзге жандар үшін тапшы.
Жандосов ауылдық округі әкімінің аппараты.

