Биыл Алаш мұраттарына ұласқан ұстанымдардың негізін салушының бірі Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толып отыр. Осыған орай ұлттың ұлы ұстазының өмір дерегі жайлы біраз ақпарат берсек деп едік. Ыбырай Алтынсарин – қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткері. Оның шын аты – Ибраһим. Ол Орта жүздің қыпшақ тайпасынан шыққан. 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысы Затоболск ауданында дүниеге келген.
Алтынсариннің әкесі сауаты аз, еңбекқор шаруа болған. Оның анасы Айман – (кейбір деректер бойынша Аймен) Арғын руынан Шеген есімді бишінің қызы. Ол сауатты адам, көптеген халық ертегілері мен әндерін білетін. Ибраһимнің анасы оған ерте жастан халық ертегілері мен әндерін үйреткен. 1850 жылы далада үлкен билікке ие болған Балғожа Ыбырайды Орынбор шекаралық комиссиясы жанынан ашылған мектепке ауыстырады. Елді орыс тілді адамдар басқарады деп сенген Балғожа немересі арқылы елді ұстап тұруға ниет білдіреді. Жақында ашылған мектепте 30 бала оқыды, оның ішінде 9 жасар Ыбырай да бар еді.
Алтынсарин бүкіл өмірін туған халқына арнады. «Қазақ халқы өз-өзін білімге құштар екенін көрсетеді», — деп жазғаны бар еңбектерінде. Ұлт ұстазы бүкіл өмірін туған халқына арнады. Алтынсарин орыс халқы мен қазақ халқының достығына сенімді қолдаушы болды. Ол орыс демократиясын насихаттады, орыстың педагог-жазушылары К.Д.Ушинскийдің, Л.Н.Толстойдың тәжірибесін пайдаланды. Алтынсарин ағартушы ретінде білімге табынған және білімнің қоғамды, әрбір жеке тұлғаны дамытудағы күшіне сенген.
Ы.Алтынсариннің әдеби қызметін бақылаған замандастары, оның еңбектерінің қаншалықты халықтың қажеттігіне жарайтындығын көзі тірісінде бағалаған. Ол кезде Ресей өкіметі жергілікті әкімшіліктер үшін қазақстандық қызметкерлерді осындай мектептер арқылы оқытуға ниеттенген. Ы. Алтынсарин орыс, араб және татар тілдерін еркін меңгерген және халықты ағартуды армандаған. Ол кезде қазақ балаларына мектеп ашу өте қиын болатын. Дегенмен, 1864 жылдың қаңтарында Ыбырайдың тікелей қатысуымен алғашқы қазақ мектебі ашылды. Ыбырай қазақ даласында бірінші болып қыздарға білім берді. 1887 жылы ол Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ашты. Қыздар мектебін ұйымдастыру бұл тұрғыда ұлы ұстаздың үлкен жетістігі.
Ыбырай Алтынсарин көзі тірісінде «Қырғыз хрестоматиясы» кітабының екінші бөлімін жазған. Өкінішке орай, бұл шығарма әртүрлі себептерге байланысты баспадан уақытында жарық көрмеді. Ұлы педагог қайтыс болғаннан кейін қолжазба із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазір Ресей, ТМД елдері мұрағаттары мен кітапханаларына хабарласу, құнды қолжазбаны іздестіру, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүруде. «Қырғыз хрестоматиясының» жастарға дұрыс тәрбие беру және олардың дүниетанымдық көзқарасын кеңейту үшін қазірдің өзінде де мәні зор. Сондықтан да бұл оқулық ұзақ жылдар бойы талай рет басылып, мектеп оқушыларына ұсынылып келеді.
Алғашқы қазақ педагогы Ыбырай Алтынсарин екі негізгі мақсат қойды: біріншісі – мектеп ашу, балаларды оқыту және жалпы халықты ағарту; екіншісі –халықтың санасын жаңаға бейімдеу бойынша ағарту жұмысы. Ы.Алтынсарин осы екі мақсатқа жету үшін ең қиын жағдайда жұмыс істеді. Көптеген кедергілер болды. Жалған мәлімдемелердің қанша түрі табылды. Бірақ, ол берілмеді. Ол болашаққа ерекше оптимизммен қарады. Өз армандарын орындай алмаса да, болашақта жастар оларды жүзеге асыратынын білді. Ыбырай Алтынсаринның әдеби жетістіктері тек қана ақындықпен, жазушылықпен, аудармашылықпен шектеліп қоймаған. Оның публицистикалық мақалаларының да маңызы орасан зор.
Ыбырай Алтынсарин қазақ жастарын оқуға, ізгілікті, мейірімді, еңбекқор болуға, өз халқын сүюге, бір сөзбен айтқанда, «ер адам»құрметті атағын ақтай білуге шақырды. Ол бұл міндеттерді жастар ерте жастан дұрыс тәрбиеленген жағдайда ғана орындауға болатындығын түсінді. Сондықтан Ыбырай осы мақсатқа өзінің оқытушылық, поэзиялық, жазушылық және аударма жұмыстарын арнады. Міне, биыл қазақтан шыққан алғашқы педагогтың туғанына 180 жыл толып отыр. Ендігі біздің мақсат – Ы.Алтынсариннің жүзеге асыруға тырысқан мақсатын орындауға ықпал етіп, ағартушының бізге қалдырып кеткен еңбектерін қадірлеп, жан-жақты насихаттау.
Бұрым ОРЫНБАСАР.