Осы аптаның сәрсенбісінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы мен аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында Қаскелең көмекші мектеп-интернатында «Балаларға қуаныш сыйла» қайырымдылық акциясы өтті.
Аталмыш шараға Қаскелең каласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп интернатының директоры Анар Рахышова «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының консультанты Балнұр Чегебаева және Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айжан Балажанова қатысып, сөз сөйледі. Жиын барысында Қаскелең мәдениет колледжінің студенттері дайындаған концерттік бағдарлама, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік танытады. Жақсылық жасап жарысайық!
Бұрым ОРЫНБАСАР.