Астанадан басталған сапар, 600 шақырымнан астам жол және бірнеше қала. «Құрылтайға жол» веломарафонының қатысушылары бүгін Алматы облысының Қарасай ауданына жетті. Кезекті аялдама — Жамбыл ауылы.
Елордадан Алматыға бағыт алған велошеруді Мендыбай Алимғазинов пен оның шәкірттері жалғастырып келеді. Жол бойында спортшыларды елді мекен тұрғындары қарсы алып, сапарларына сәттілік тілеуде.
«Құрылтайға жол» веломарафоны — ел азаматтарының бірлігін, спортқа деген қызығушылығын және азаматтық белсенділікті насихаттауға бағытталған ерекше бастама.
Алда — сапардың соңғы межелерінің бірі. Келесі бағыт — Алматы.

