Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")
Қарасай аудандық апталық қоғамдық-саяси газеті / Карасайская районная еженедельная общественно-политическая газета
  • Негізгі
  • Жаңалықтар
  • Тарих
  • Архив (PDF)
  • Жарнама
  • Байланыстар
13 декабря, 2025
Главная » Жаңалықтар » Закон и порядок »

Бас прокуратурада Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебайдың қатысуымен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы заманауи цифрлық және аналитикалық құралдардың тұсаукесері өтті.

Іс-шара барысында қылмыстық қатерлерді ерте анықтауға арналған медиа-кеңістікті мониторингілеу жүйесінің мүмкіндіктері, «e-Өтініш» платформасындағы азаматтардың өтініштерін талдайтын ЖИ-агент және оларды тиімді қарау шаралары, көшедегі қылмысты, сыртқы киберқатерлерді болжауға бағытталған пилоттық жобалар, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында халыққа құқықтық көмек көрсетуге арналған мобильді қосымшалар, «ақылды» қылмыс пен жол-көлік оқиғаларының геокарталары және елдегі прекурсорлар мен химиялық заттардың айналымын бақылауға арналған Таргетинг-орталық таныстырылды.

Сондай-ақ «Цифрлық қадағалау» жүйесі және оның тұлғаларды іздестіру, қылмыстық жазалармен пробацияның орындалуын бақылау, сотталғандарды ресоциализациялау, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істердің заңдылығын талдау бағытындағы функционалдары көрсетілді.

Жүйеге 60-тан астам мемлекеттік органның деректер базасы, «ақылды» бейнекамералар мен дрондар қосылған. Бұл прокурорларға құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында уәкілетті органдардың өз функцияларын орындауын онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік береді.

Халықтан келіп түсетін сигналдарды талдап, оларға ең ерте кезеңде жедел әрекет ету мақсатында төтенше коммуналдық қызметтерді Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметке(БКДҚ-112) біріктіру бойынша мемлекеттік органдармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Президент тапсырмаларын іске асыру аясында Құқықтық статистика және арнайы есепке алукомитетін трансформациялау жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Оның құрылымында 4 ай бұрын Қылмыстық қатерлерді болжау орталығы құрылды.

Орталықтың негізгі міндеті – қоғамдық қауіпсіздікке төнетін сыртқы және ішкі тәуекелдерді алдын ала анықтауға және қылмыстың алдын алуға бағытталған заманауи болжамдық-талдамалық қызметті жүзеге асыру.

Уәкілетті мемлекеттік органдарға сыртқы криминалдық қатерлер туралы және олардың алдын алу жөніндегі ұсынымдармен 25 хат жолданды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұрын белгісіз болған қылмыстық әрекеттердің жаңа түрлері мен тәсілдері туралы халық хабардар етілуде.

Бас Прокурор Берік Асылов атап өткендей: «Орталықтың құрылуы – қылмысқа жауап қайтарудан оны алдын ала болжауға көшу жолындағы маңызды қадам. Бұл жасанды интеллект, аналитика және цифрлық шешімдерге негізделген».

Елдегі ғылыми-зерттеу институттарымен өзара іс-қимылды нығайту мақсатында 7 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аналитикалық және цифрлық шешімдерді енгізуге консультативтік қолдау көрсету үшін депутаттар, IT және ғылыми қауымдастық өкілдері қатысатын Консультативтік-сараптамалық кеңес жұмыс істейді.

Енгізіліп жатқан аналитикалық және цифрлық құралдар нақты практикалық нәтижелер көрсетуде. Мәселен, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесін Ұлттық Банктің Антифрод-орталығымен, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары мен банктерден келіп түсетін фрод-инциденттер туралы мәліметтермен біріктірудің арқасында кибер-алаяқтық бойынша қылмыстық істерді тіркеу үлесі 2 есе өсті. Бұл жәбірленушілердің құқықтарын қорғау бойынша іс-шараларды жедел қабылдауға мүмкіндік берді.

Қылмыстық істер бойынша «Цифрлық көмекші» зияткерлік моделін апробациялау жалғасуда. Бұл модель тергеушілерге тергеуді жоспарлауға, ауызша сөйлеу мен бейне жазбаларды мәтінге айналдыруға, сондай-ақ айғақтарды талдауға көмектеседі. Аталған модельдің көмегімен 76 айыптау актісі, 314 тергеу жоспары жасалып, жауап алу хаттамаларының 67 транскрибациясы орындалды.

декабря 13, 2025 naqtygazeti

Последние сообщения

  • Абай облысында үш теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
    Абай облысында үш теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды31 августа, 2026
  • «Балаларға назар аударамыз!» шарасы өтті
    «Балаларға назар аударамыз!» шарасы өтті31 августа, 2026
  • Тазалық – ортақ міндет
    Тазалық – ортақ міндет31 августа, 2026

Популярные сообщения

  • Абай облысында үш теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
    Абай облысында үш теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды31 августа, 2026
  • Баспасөз – 2017
    Баспасөз – 201725 января, 2017
  • Редакцияға арнайы келді
    Редакцияға арнайы келді1 июля, 2016
← Первое место за сборной Алматинской области
SDU University халықаралық деңгейде маңызды мәртебеге ие болды →

Написать ответ Cancel reply

Ваш email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Категории

  • Президент Жолдауы
  • Мемлекеттік қызмет
  • Цифрлы Қазақстан
  • Ресми бөлім
  • Қоғам
  • Балалар — бақытымыз
  • Заң және біз
  • Мәдениет
  • Жағымды жаңалық
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт
  • Бизнес
  • Ауыл шаруашылығы
  • Төтенше жағдай
  • Жұмыспен қамту
  • Экономика
  • Тазалық. Экология

Популярные новости

  • Абай облысында үш теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
    Абай облысында үш теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды 31 августа, 2026
  • Барлық  іс  бақылауға  алынады
    Барлық іс бақылауға алынады 28 января, 2017
  • «Қалбибі»  өнер  студиясында
    «Қалбибі» өнер студиясында 20 января, 2017
  • Өндіріс  орындарын  аралады
    Өндіріс орындарын аралады 16 января, 2017
  • Өнерімізді өрісті етіп,  мәдениетімізді өркендетейік
    Өнерімізді өрісті етіп, мәдениетімізді өркендетейік 20 января, 2017
  • О  временной  регистрации  граждан
    О временной регистрации граждан 16 января, 2017
  • Новая школа к Новому году
    Новая школа к Новому году 16 января, 2017
  • Дом, где согревают сердца и вселяют надежду
    Дом, где согревают сердца и вселяют надежду 16 января, 2017
  • Редакцияға арнайы келді
    Редакцияға арнайы келді 1 июля, 2016
  • Баспасөз – 2017
    Баспасөз – 2017 25 января, 2017

Напишите нам

Ваше сообщение было успешно отправлено. Спасибо!



  



Контакты

+7 (72771) 2-55-41

zgazeta*mail.ru

ул. Жангозина, 13/6

г. Каскелен, Карасайский район. 040900

Последние новости

  • Абай облысында үш теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
    Абай облысында үш теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды 31 августа, 2026
  • «Балаларға назар аударамыз!» шарасы өтті
    «Балаларға назар аударамыз!» шарасы өтті 31 августа, 2026
  • Тазалық – ортақ міндет
    Тазалық – ортақ міндет 31 августа, 2026
  • Балалар қауіпсіздігі басты назарға алынды
    Балалар қауіпсіздігі басты назарға алынды 28 августа, 2026
  • Возлагая надежды на архитекторов детских душ
    Возлагая надежды на архитекторов детских душ 28 августа, 2026
  • Подписка на газету
  • Правила использования материалов
  • Архив (PDF)
Copyright © 2016-2026 Naqtygazeti.kz.